"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері тұрғын үй комиссияларының қызметі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 405 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 1360 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 28 желтоқсанда № 33819 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері тұрғын үй комиссияларының қызметі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 405 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15642 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 77-бабының 3-2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері тұрғын үй комиссияларының қызметі қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Комиссия адамдардың тақ санынан (кемінде жеті адам) және дауыс беру құқығы жоқ Комиссия хатшысынан құрылады.";

      5-тармақта:

      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Комиссия төрағасы – гарнизон бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары;

      2) Комиссия төрағасының орынбасары – гарнизон аудандық пайдалану бөлімінің бастығы;";

      3) тармақша алып тасталсын;

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) Комиссия хатшысы – гарнизон аудандық пайдалану бөлімі тұрғын үй бөлімінің (бөлімшесінің) әскери қызметшісі (азаматтық персонал).";

      6-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) тұрғынжай алған адамдардың тізімін олардың кезектілігін көрсетіп, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтиды.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Комиссия екі аптада бір рет отырыс өткізеді. Комиссияның отырысы, егер оған дауыс беру құқығы бар барлық мүшесі не олардың орнында болатын адамдар қатысса, заңды деп саналады.";

      8-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Комиссияның шешімі дауыс беру арқылы қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады. Шешімге шағым жасалған жағдайда Комиссия шағымданатын органда өз мүддесін білдіруге жеке өзі қатысады.

      Комиссияның шешімі Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттама түрінде ресімделеді, оған Комиссия мүшелері қол қояды және гарнизон бастығы бекітеді.";

      8-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Комиссия мүшелері ерекше пікір туындаған жағдайда оны Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес жазбаша мазмұндайды.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Комиссия шешімі, егер оны үштен екісі қабылдаса, заңды болып табылады.";

      Қағидаларға 5-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери инфрақұрылым бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2023 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 1360 Бұйрыққа
қосымша

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері тұрғын
үй комиссияларының
қызметі қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

  БЕКІТЕМІН
ҚР ҚК _______ гарнизонының бастығы
(атауы)
____________________________
(әскери атағы, қолы, тегі және инициалдары)

      _____________________ гарнизоны тұрғын үй комиссиясы отырысының

      (атауы)

№_____ ХАТТАМАСЫ

      20__ жылғы "___" _________                               _______________ қ.

      (күні, айы, жылы)                               (қала атауы)

      _________________ гарнизонының тұрғын үй комиссиясы _______________ гарнизоны

      (атауы)                                           (атауы)

      бастығының 20__ жылғы "__" _______________ № ___ бұйрығына сәйкес мынадай құрамда:

      (күні, айы, жылы)                   (бұйрықтың нөмірі)

      1) __________ гарнизоны тұрғын үй комиссиясының төрағасы – ___________________,

      (атауы)                         (әскери атағы, тегі және инициалдары)

      ________ гарнизоны бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары;

      (атауы)

      2) ___________________ гарнизоны тұрғын үй комиссиясы төрағасының орынбасары –

      (атауы)

      ____________________, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі _________________

      (әскери атағы, тегі және инициалдары)                                    (атауы)

      аудандық пайдалану бөлімінің бастығы;

      тұрғын үй комиссиясының мүшелері:

      3) _____________________, _____________ гарнизоны бастығының құқықтық жұмыс жөніндегі көмекшісі;

      (әскери атағы, тегі және инициалдары) (атауы)

      4) ____________________________, _____________ әскери бөлімінің командирі;

      (әскери атағы, тегі және инициалдары) (атауы)

      5) _____________, ________гарнизоны әскери полициясы жасағының сыбайлас жемқорлыққа

      (әскери атағы, тегі және инициалдары) (атауы)

      қарсы іс-қимыл жөніндегі офицері;

      6) ________________________, _______________________ қаржы қызметінің бастығы;

      (әскери атағы, тегі және инициалдары)       (атауы)

      7) __________________________, _______________________ кадр қызметінің бастығы;

      (әскери атағы, тегі және инициалдары)       (атауы)

      ________________ гарнизоны тұрғын үй комиссиясының хатшысы –

      (атауы)

      ________________________, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ______________

      (әскери атағы, тегі және инициалдары)                                           (атауы)

      аудандық пайдалану бөлімі тұрғын үй бөлімінің (бөлімшесінің) ____________________.

      (атауы)

      Мынадай күн тәртібімен тұрғын үй комиссиясының отырысын өткізді:

      1) ________________ гарнизоны бойынша тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою үшін әскери

      (атауы)

      қызметшілердің, сондай-ақ азаматтық персоналдың құжаттарын қарау.

      Тұрғын үй комиссиясы келіп түскен материалды қарап, шешім қабылдады:

Р/с №

Т.А.Ә. (болған кезде)

Қызмет
(жұмыс) орны

Әскери атағы
(болған кезде)

ҚР ҚК-мен еңбек қатынасы

Отбасы құрамы

Баянат

S

Қабылданған шешім










      Тұрғын үй комиссиясының осы шешімдері комиссия мүшелерінің дауыс беруіне шығарылды.

      Ерекше пікір: ____________________________________________________________________

      (болған жағдайда)

      "Үшін" _____, "Қарсы" _____ дауыс берді.

      2) тұрғынжайға мұқтаж адамдардың кезектілік тізіміне сәйкес __________________ гарнизонының

      (атауы)

      тұрғын үй қорын бөлу;

Тұрғын үй комиссиясы тұрғынжайға мұқтаж адамдардың кезектілік тізімін қарап, шешім қабылдады:

Р/с №

Әскери атағы (болған кезде)Т.А.Ә. (болған кезде)

Қызмет
(жұмыс) орны

ҚР ҚК-мен еңбек қатынасы

Отбасы құрамы

Ұсынылып отырған тұрғынжайдың мекенжайы
(бөлмелер саны, жалпы ауданы)

Ескертпе








      Тұрғын үй комиссиясының осы шешімдері комиссия мүшелерінің дауыс беруіне шығарылды.

      Ерекше пікір: ______________________________________________________________

      (болған жағдайда)

      "Үшін" _____, "Қарсы" _____ дауыс берді.

      3) әскери бөлім командирлерінің жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың тұрғын үй қорын

      ____________________ (атауы)

      гарнизонының мұқтаж адамдарына бөлу туралы қолдаухаттарын қарау.

Тұрғын үй комиссиясы әскери бөлім командирлерінің келіп түскен қолдаухаттарын қарап, шешім қабылдады:

Р/с №

Әскери атағы (болған кезде)
Т.А.Ә. (болған кезде)

Қызмет (жұмыс) орны

Қолдаухаттың тіркеу нөмірі

Отбасы құрамы

Тұрғынжайдың мекенжайы (бөлмелер саны, жалпы ауданы)

Қабылданған шешім








      Тұрғын үй комиссиясының осы шешімдері комиссия мүшелерінің дауыс беруіне шығарылды.

      Ерекше пікір: ____________________________________________________________________

      (болған жағдайда)

      "Үшін" _____, "Қарсы" _____ дауыс берді.

      4) әскери қызметте күнтізбелік есептеумен он және одан көп жыл, бірақ жиырма жылдан аз болған және жекешелендіруге жатпайтын, оның ішінде жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің аумағында орналасуы салдарынан жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғынжайда тұратын және әскери қызметте болудың шекті жасына толуына, денсаулық жағдайына немесе штаттардың қысқаруына байланысты 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін әскери қызметтен шығарылған адамдардың ________________гарнизонында қызметтік тұрғынжайды алмастыруды жүзеге асыру үшін келіп түскен өтініштерін қарау. (атауы)

Тұрғын үй комиссиясы көрсетілген санаттағы адамдардың өтініштерін қарап, шешім қабылдады:

Р/с №

Әскери атағы (болған кезде) Т.А.Ә. (болған кезде)

Қызмет орны

ҚР ҚК-мен еңбек қатынасы

Отбасы құрамы

Қызметтік тұрғынжайда нақты тұратын мекенжайы (бөлмелер саны, жалпы ауданы)

Ұсынылып отырған тұрғынжайдың мекенжайы
(бөлмелер саны, жалпы ауданы)








      Тұрғын үй комиссиясының осы шешімдері комиссия мүшелерінің дауыс беруіне шығарылды.

      Ерекше пікір: ____________________________________________________________________

      (болған жағдайда)

      "Үшін" _____, "Қарсы" _____ дауыс берді.

      5) әскери қызметшілердің және әскери қызметтен шығарылған адамдардың, сондай-ақ азаматтық персоналдың тұрғынжайды жекешелендіруге баянаттарын (өтініштерін) қарау.

Тұрғын үй комиссиясы көрсетілген санаттағы адамдардың баянаттарын (өтініштерін) қарап, шешім қабылдады:

Р/с №

Тұрғынжайдың мекенжайы (бөлмелер саны, жалпы ауданы)

Әскери атағы (болған кезде) Т.А.Ә. (болған кезде)

Жекешелендіру түрі

Отбасы құрамы, күнтізбелік есептеумен еңбек сіңірген жылдары (еңбек өтілі)

Қабылданған шешім







      Тұрғын үй комиссиясының осы шешімдері комиссия мүшелерінің дауыс беруіне шығарылды.

      Ерекше пікір: ____________________________________________________________________

      (болған жағдайда)

      "Үшін" _____, "Қарсы" _____ дауыс берді.

      6) тұрғынжайға мұқтаж әскери қызметшілерді және әскери қызметте болған адамдарды, сондай-ақ азаматтық персоналды есептен шығару мәселелерін қарау.

Тұрғын үй комиссиясы келіп түскен материалды қарап, шешім қабылдады:

Р/с №

Әскери атағы (болған кезде) Т.А.Ә. (болған кезде)

Қызмет (жұмыс) орны

Құжаттың тіркеу нөмірі

Мұқтаждар есебінен шығару негізі

Ескертпе







      Тұрғын үй комиссиясының осы шешімдері комиссия мүшелерінің дауыс беруіне шығарылды.

      Ерекше пікір: ____________________________________________________________________

      (болған жағдайда)

      "Үшін" _____, "Қарсы" _____ дауыс берді.


Тұрғын үй комиссиясының төрағасы:


әскери атағы

қолы

Т.А.Ә. (болған кезде)


Тұрғын үй комиссиясы төрағасының орынбасары:


әскери атағы

қолы

Т.А.Ә. (болған кезде)


Комиссия мүшелері:


әскери атағы

қолы

Т.А.Ә. (болған кезде)


Тұрғын үй комиссиясының хатшысы


әскери атағы

қолы

Т.А.Ә. (болған кезде)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады