Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және Астана қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындарды белгілеу туралы

Жаңа

Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 15 ақпандағы № 1-304 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2023 жылғы 15 ақпанда № 1335-01 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 28-бабының 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Астана қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      3. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Астана қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау "Астана қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласының әкімі Ж. Қасымбек

      "Келісілді"

      Астана қаласының

      қалалық сайлау

      комиссиясы

  Астана қаласы әкімдігінің
2023 жылғы 15 ақпандағы
№ 1-304 қаулысына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар

Р/с
Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар
№ 1 округ
1.

Қаныш Сәтбаев және Алексей Петров көшелерінің қиылысында, "Евразия-1" сауда орталығы ғимаратына орталық кіреберістің оң жағында

2.

Қажымұқан және Алексей Петров көшелерінің қиылысында, "Орбита" сауда үйі ғимаратының алдында

3.

Абылай хан даңғылы мен Манас көшесінің қиылысында, "Встреча" сауда үйі ғимаратының алдында

4.

Промышленный тұрғын алабы, Шалкөде көшесі, "iStop" аялдама павильонының оң жағында

5.

Интернациональный тұрғын алабы, Мереке көшесі, № 1а, Астана қаласы әкімдігінің "Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында

6.

Мичурино тұрғын алабы, Бастау көшесі, орталық скверге кіреберістің алдында

7.

Күйгенжар тұрғын алабы, Жаңатұрмыс көшесі, № 1/1, аялдама павильонының оң жағында

8.

Железнодорожный тұрғын алабы, Владимир Маяковский көшесі, орталық сквердің сол жағында

9.

Бауыржан Момышұлы даңғылы, "Жерұйық" саябағына орталық кіреберіс алдында

10.

Мұхамеджан Тынышбайұлы көшесі, № 8, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы – "Нұрлы жол" теміржол вокзалы кешені" филиалы ғимаратының алдында, А-62 көшесінің бойында

11.

Сәкен Сейфуллин және Шоқан Уәлиханов көшелерінің қиылысында, "Астаналық" сауда үйі ғимараты кіреберісінің сол жағында, Сәкен Сейфуллин көшесінің бойында

12.

Кенесары көшесі мен Республика даңғылының қиылысында, "Сұңқар" сауда үйіне қарама-қарсы, Республика даңғылының бойында

13.

Тайбурыл көшесі, № 17, Астана қаласы әкімдігінің "№ 23 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына орталық кіреберістің оң жағында

14.

Қошке Кемеңгерұлы көшесі, № 4, Астана қаласы әкімдігінің "№ 21 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының орталық кіреберісінің оң жағында

15.

Александр Кравцов және Шоқан Уәлиханов көшелерінің қиылысында, "Жастар" сауда үйінің ғимаратына қарама-қарсы, Александр Кравцов көшесінің бойында

16.

Шоқан Уәлиханов көшесі мен Абай даңғылының қиылысында, "Жаннұр" сауда үйі ғимаратының оң жағында

17.

Амангелді Иманов көшесі, № 20, Астана қаласы "Байқоңыр" ауданының "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының халыққа қызмет көрсету жөніндегі № 5 бөлім ғимаратының сол жағында

18.

Кенесары көшесі, № 78, "Kaspi bank" акционерлік қоғамының бөлімшесі ғимаратының оң жағында

19.

Александр Кравцов көшесі мен Александр Пушкин көшесінің қиылысында, "Целинный шағын ауданы" аялдама павильонының сол жағында

20.

Шоқан Уәлиханов көшесі мен Бөгенбай батыр даңғылының қиылысында, "Әлем" сауда орталығы ғимаратына орталық кіреберістің сол жағында

№ 2 округ
21.

Үркер тұрғын алабы, Исатай батыр көшесі, № 141/1, Астана қаласы әкімдігінің "Кемел Ақышев атындағы № 69 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында

22.

Басты сағатқа қарама-қарсы орталық саябаққа кіреберістің алдында, Тұран даңғылының бойында

23.

Әзілхан Нұршайықов көшесі, № 8, Астана қаласы әкімдігінің "Смағұл Сәдуақасұлы атындағы № 78 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында

24.

Тұран даңғылы, № 37, "Хан Шатыр" сауда-ойын-сауық орталығы ғимаратына орталық кіреберістің алдында

25.

Заречный тұрғын алабы, Аққұм көшесі, № 17/1, "Мерей" дүкені ғимаратының алдында

26.

Мәңгілік Ел даңғылы мен Алматы көшесінің қиылысында, "Айсанам" тұрғын үй кешенінің бұрышында

27.

Ботаникалық баққа орталық кіреберістің алдында, Түркістан көшесінің бойында

28.

Мәңгілік Ел даңғылы, № 30, Астана қаласы "Есіл" ауданының "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының халыққа қызмет көрсету жөніндегі № 1 бөлім ғимаратының орталық кіреберісіне қарама-қарсы

29.

Пригородный тұрғын алабы, Жаңадария көшесіндегі "Хозяюшка" дүкені ғимаратының алдында

30.

Тельман тұрғын алабы, Мұғалжар көшесі, № 65а, азық-түлік дүкені ғимаратының сол жағында

31.

Бөгенбай батыр даңғылы, № 71, Шоқан Уәлиханов көшесінде "Джафар" сауда орталығы ғимаратының оң жағында

32.

Театр бульварына кірер алдында, Республика даңғылының бойында

33.

Иоганн Гете көшесі, № 1, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы – "Астана" теміржол вокзал кешені" филиалы ғимаратының алдында

34.

Бейбітшілік көшесі, № 9 ғимаратта орталық кіреберістің оң жағында

35.

Желтоқсан көшесінде, "Серуен" жаяу жүргіншілер көпірінің алдында

36.

Нұрғиса Тілендиев даңғылы, № 15, "Рахмет" сауда орталығы ғимаратының орталық кіреберісінің оң жағында

37.

Ақан сері көшесі, № 20, Астана қаласы әкімдігінің "№ 5 қалалық емхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ғимаратының алдында

38.

Шабал Бейсекова көшесі, № 3, "Астықжан" сауда үйі ғимаратының алдында

39.

Көктал-1 тұрғын алабы, Алмалық көшесі, № 1, Астана қаласы әкімдігінің "Наз" мемлекеттік би театры" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдында

40.

Александр Герцен көшесі, № 86, "Масяня" дүкені ғимаратының алдында

  Астана қаласы әкімдігінің
2023 жылғы 15 ақпандағы
№ 1-304 қаулысына
2-қосымша

Астана қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар

Р/с
Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар
№ 1 округ
1.

Бауыржан Момышұлы даңғылы, № 5, Астана қаласы әкімдігінің "Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ғимаратының алдында

2.

Рақымжан Қошқарбаев және Бауыржан Момышұлы даңғылдары қиылысында, Рақымжан Қошқарбаев ескерткішінің алдында

3.

Тәуелсіздік даңғылы, № 32, Астана қаласы "Алматы" ауданының "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының халыққа қызмет көрсету бөлімі ғимаратының алдында

4.

Бауыржан Момышұлы даңғылы, "Жерұйық" саябағына орталық кіреберіс алдында

5.

Бауыржан Момышұлы даңғылы, № 10, "Рахмет" сауда үйі ғимаратының алдында

№ 2 округ
6.

Қаныш Сәтбаев және Алексей Петров көшелерінің қиылысында, "Евразия-1" сауда орталығы ғимаратына орталық кіреберістің оң жағында

7.

Қажымұқан және Алексей Петров көшелерінің қиылысында, "Орбита" сауда үйі ғимаратының алдында

8.

Абылай хан даңғылы мен Манас көшесінің қиылысында, "Встреча" сауда үйі ғимаратының алдында

9.

Абылай хан даңғылы, № 5, аялдама павильонының сол жағында және "Әділ" сауда үйі ғимаратының алдында

10.

Қажымұқан мен Қаныш Сәтбаев көшелерінің қиылысында, Қаныш Сәтбаев ескерткішінің алдында

№ 3 округ
11.

Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылы, № 25, Астана қаласы әкімдігінің "№ 7 қалалық емхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ғимаратының алдында

12.

Ілияс Жансүгірұлы көшесі, дом № 8, "Аружан" сауда орталығының ғимаратына орталық кіреберістің сол жағында

13.

Абылай хан даңғылы мен Ғабиден Мұстафин көшесінің қиылысында, сквердің аумағында

14.

Қайрат Рысқұлбеков көшесі, "Алма" саябағының аумағында

15.

Ғабит Мүсірепов көшесі, № 3, "Small" супермаркетіне орталық кіреберістің сол жағында

№ 4 округ
16.

Кенен Әзірбаев көшесі, № 6/5, аялдама павильонының оң жағында

17.

Мұхамеджан Тынышбайұлы көшесі, № 8, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы – "Нұрлы жол" теміржол вокзалы кешені" филиалы ғимаратының алдында, А-62 көшесінің бойында

18.

Тәуелсіздік даңғылы мен Жұмекен Нәжімеденов көшесінің қиылысында, "Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі" республикалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ғимаратының алдында, Жұмекен Нәжімеденов көшесінің бойында

19.

Рақымжан Қошқарбаев даңғылы, № 26, "Отбасы банк" акционерлік қоғамы ғимаратына орталық кіреберістің алдында

20.

Қалыбек Қуанышбаев көшесі, № 8/1, Қалыбек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық Қазақ музыкалық драма театрының ғимаратына орталық кіреберістің алдында

№ 5 округ
21.

Промышленный тұрғын алабы, Шалкөде көшесі, "iStop" аялдама павильонының оң жағында

22.

Интернациональный тұрғын алабы, Мереке көшесі, № 1а, Астана қаласы әкімдігінің "Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында

23.

Мичурино тұрғын алабы, Бастау көшесі, орталық скверге кіреберістің алдында

24.

Күйгенжар тұрғын алабы, Жаңатұрмыс көшесі, № 1/1, аялдама павильонының оң жағында

25.

Железнодорожный тұрғын алабы, Владимир Маяковский көшесі, орталық сквердің сол жағында

№ 6 округ
26.

Шоқан Уәлиханов көшесі мен Абай даңғылының қиылысында, "Жаннұр" сауда үйі ғимаратының оң жағында

27.

Әл-Фараби даңғылы, № 28, "Астықжан" сауда үйі ғимаратына орталық кіреберістің оң жағында

28.

Алаш тас жолы мен Жолымбет көшесінің қиылысында, "Орталық базар" аялдамасы павильонының сол жағында

29.

Тайбурыл көшесі, № 17, Астана қаласы әкімдігінің "№ 23 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына орталық кіреберістің оң жағында

30.

Қошке Кемеңгерұлы көшесі, № 4, Астана қаласы әкімдігінің "№ 21 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратына орталық кіреберістің оң жағында

№ 7 округ
31.

Кенесары көшесі, № 78, "Kaspi bank" акционерлік қоғамының бөлімшесі ғимаратының оң жағында

32.

Амангелді Иманов көшесі, № 20, Астана қаласы "Байқоңыр" ауданының "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының халыққа қызмет көрсету жөніндегі № 5 бөлім ғимаратының сол жағында

33.

Александр Пушкин көшесі, № 10/1, "Burger King" жылдам тамақтану мейрамханасы ғимаратының оң жағында

34.

Абай даңғылы, № 80, "Magnum" супермаркеті ғимаратына орталық кіреберістің оң жағында

35.

Шоқан Уәлиханов және Амангелді Иманов көшелерінің қиылысында, "Алма – Ата" іскерлік үйі ғимаратына қарама-қарсы

№ 8 округ
36.

Сәкен Сейфуллин және Шоқан Уәлиханов көшелерінің қиылысында, "Астаналық" сауда үйі ғимаратына кіреберістің сол жағында, Сәкен Сейфуллин көшесінің бойында

37.

Кенесары көшесі мен Республика даңғылының қиылысында, "Сұңқар" сауда үйіне қарама-қарсы, Республика даңғылының бойында

38.

Шоқан Уәлиханов көшесі мен Бөгенбай батыр даңғылының қиылысында, "Әлем" сауда орталығы ғимаратына орталық кіреберістің сол жағында

39.

Александр Кравцов және Шоқан Уәлиханов көшелерінің қиылысында, "Жастар" сауда үйі ғимаратына қарама-қарсы, Александр Кравцов көшесінің бойында

40.

Александр Кравцов көшесі мен Александр Пушкин көшесінің қиылысында, "Целинный шағын ауданы" аялдама павильонының сол жағында

№ 9 округ
41.

Үркер тұрғын алабы, Исатай батыр көшесі, № 141/1, Астана қаласы әкімдігінің "Кемел Ақышев атындағы № 69 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында

42.

Ілияс Омаров көшесі, № 4, Астана қаласы әкімдігінің "№ 71 мектеп-лицей" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ғимаратының алдында

43.

Қорғалжын тас жолы, № 8, "М.С. Нәрікбаев атындағы КазГЮУ Университеті" акционерлік қоғамы ғимаратының алдында

44.

Басты сағатқа қарама-қарсы орталық саябаққа кіреберістің алдында, Тұран даңғылы бойында

45.

Тұран даңғылы, № 24, "Сарыарқа" сауда ойын-сауық орталығының орынтұрақ аумағында

№ 10 округ
46.

Әзілхан Нұршайықов көшесі, № 8, Астана қаласы әкімдігінің "Смағұл Сәдуақасұлы атындағы № 78 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында

47.

Тұран даңғылы, № 37 "Хан Шатыр" сауда-ойын-сауық орталығы ғимаратына орталық кіреберістің алдында

48.

Қабанбай батыр даңғылы, № 21 "Азия парк" сауда-ойын-сауық орталығы ғимаратына орталық кіреберістің алдында

49.

Е20 көше, № 5, "Binom school" мектеп-лицей ғимаратына орталық кіреберістің алдында

50.

Сығанақ көшесі, № 17м, "Жасыл квартал" тұрғын үй кешеніндегі "BI-Group" кеңсе ғимаратына орталық кіреберістің алдында

№ 11 округ
51.

Мәңгілік Ел даңғылы мен Дінмұхамед Қонаев көшесінің қиылысында, № 14 г үйдің бұрышында

52.

Сауран көшесі, № 5 және № 5д үйлердің бұрышында, "Гиппократ" дәріханасының сол жағында

53.

Достық және Сауран көшелерінің қиылысында, "Керуен" сауда ойын-сауық орталығы ғимаратының алдында

54.

Заречный тұрғын алабы, Аққұм көшесі, № 17/1, "Мерей" дүкені ғимаратының алдында

55.

Мәңгілік Ел даңғылы мен Алматы көшесінің қиылысында, "Айсанам" тұрғын үй кешенінің бұрышында

№ 12 округ
56.

Түркістан көшесі, № 32/1, "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы "Халықаралық мектебі" филиалының ғимаратына орталық кіреберістің алдында

57.

Сауран көшесі, № 11, Астана қаласы әкімдігінің "№ 89 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына орталық кіреберістің алдында

58.

Түркістан көшесі, № 10/1, Астана қаласы әкімдігінің "Әлихан Бөкейхан атындағы № 76 мектеп-лицей" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ғимаратына орталық кіреберістің алдында

59.

Мәңгілік Ел даңғылы, № 30, Астана қаласы "Есіл" ауданының "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының халыққа қызмет көрсету жөніндегі № 1 бөлім ғимаратының орталық кіреберісіне қарама-қарсы

60.

Ұлы Дала даңғылы мен Әлихан Бөкейхан көшесінің қиылысында, Ұлы Дала даңғылы бойындағы № 13/1 үйдің бұрышында

№ 13 округ
61.

Пригородный тұрғын алабы, Жаңадария көшесіндегі "Хозяюшка" дүкені ғимаратының алдында

62.

Тельман тұрғын алабы Мұғалжар көшесі, № 65а, азық-түлік дүкені ғимаратының сол жағында

63.

Қабанбай батыр даңғылы, № 62, "MEGA Silk Way" сауда ойын-сауық орталығы ғимаратына орталық кіреберістің алдында

64.

Ботаникалық баққа орталық кіреберістің алдында, Түркістан көшесінің бойында

65.

Ұлы Дала даңғылы мен № 38 көшенің қиылысында, № 36 үйдің бұрышында, "Тәп-тәтті" кондитерлік фабрикасының оң жағында

№ 14 округ
66.

Самал шағын ауданы, № 11, "Astana Tower" бизнес-орталығы ғимаратының оң жағында

67.

Театр бульварына кірер алдында, Республика даңғылының бойында

68.

Бейбітшілік көшесі, № 37, "Қазпошта" акционерлік қоғамы ғимаратының сол жағында

69.

Бейбітшілік көшесі, № 9 ғимаратына орталық кіреберістің оң жағында

70.

Желтоқсан көшесінде, "Серуен" жаяу жүргіншілер көпірінің алдында

№ 15 округ
71.

Шәймерден Қосшығұлұлы көшесі, № 9, "Солтүстік" сауда үйі ғимаратының алдында

72.

Нұрғиса Тілендиев даңғылы, № 15, "Рахмет" сауда орталығы ғимаратының орталық кіреберісінің оң жағында

73.

Көктал-1 тұрғын алабы, Алмалық көшесі, № 1, Астана қаласы әкімдігінің "Наз" мемлекеттік би театры" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдында

74.

Көктал-2 тұрғын алабы, Ақмола көшесі, № 24, "Көктал-2" сауда үйі ғимаратының алдында

75.

Шәймерден Қосшығұлұлы көшесі, № 24, "Euromall" сауда үйі ғимаратының алдында

№ 16 округ
76.

Ақан сері көшесі, № 20, Астана қаласы әкімдігінің "№ 5 қалалық емхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ғимаратының алдында

77.

Александр Герцен көшесі, № 86, "Масяня" дүкені ғимаратының алдында

78.

Шабал Бейсекова көшесі, № 3, "Астықжан" сауда үйі ғимаратының алдында

79.

Конституция көшесі, № 16, "Сымбат" дүкені ғимаратының алдында

80.

Көктал көшесі, № 16, "Көктал" автобөлшектер базарының алдында

№ 17 округ
81.

Бөгенбай батыр даңғылы, № 29, "GulMarket" гүлдер дүкенінің сол жағында

82.

Иоганн Гете көшесі, № 1, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы – "Астана" теміржол вокзал кешені" филиалы ғимаратының алдында

83.

Жеңіс даңғылы, № 62, "Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы ғимаратының алдында

84.

Бөгенбай батыр даңғылы, № 71, "Джафар" сауда орталығы ғимаратының оң жағында, Шоқан Уәлиханов көшесінің бойында

85.

Республика даңғылы, № 58, аялдама павильонының сол жағында

  Астана қаласы әкімдігінің
2023 жылғы 15 ақпандағы
№ 1-304 қаулысына
3-қосымша

Астана қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Астана қаласының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 06-346 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 888 болып тіркелген).

      2. "Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға үгіттеу баспа материалдарын орналастыруға орындар белгілеу және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жай беру туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 06-346 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 1-525 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1225 болып тіркелген).

      3. "Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 06-346 "Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға үгіттеу баспа материалдарын орналастыруға орындар белгілеу және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жай беру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 17 қазандағы № 01-2903 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30182 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады