Ақмола облысы Целиноград ауданының Мәншүк, Приречное ауылдарын және Приречный ауылдық округін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № А-7/268 және Ақмола облысы мәслихатының 2023 жылғы 1 шілдедегі № 8С-3-13 бірлескен қаулысы мен шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 3 шілдедегі № 8599-03 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4)-тармақшасына сәйкес, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 23 маусымдағы қорытындысы, "Целиноград ауданының Мәншүк, Приречное ауылдарын және Приречный ауылдық округін қайта атау жөнінде ұсыныстар енгізу туралы" Целиноград ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 5 қыркүйектегі № А-9/259 бірлескен қаулысы мен Целиноград аудандық мәслихатының 2022 жылғы 5 қыркүйектегі № 166/31-7 шешімінің негізінде және Целиноград ауданының Мәншүк, Приречное ауылдары және Приречный ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ақмола облысы Целиноград ауданының кейбір ауылдары:

      Мәншүк ауылы Мәншүк Мәметова ауылына;

      Приречный ауылдық округінің Приречное ауылы Ақжар ауылына қайта аталсын.

      2. Ақмола облысы Целиноград ауданының Приречный ауылдық округі Ақжар ауылдық округіне қайта аталсын.

      3. Осы бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі Е.Маржикпаев
      Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Б.Жусупов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады