Ақмола облысы Аршалы ауданының Донецкое, Волгодоновка ауылдарын және Волгодонов ауылдық округін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № А-7/264 және Ақмола облысы мәслихатының 2023 жылғы 1 шілдедегі № 8С-3-14 бірлескен қаулысы мен шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 4 шілдедегі № 8600-03 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4)-тармақшасына сәйкес, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 23 маусымдағы қорытындысы, "Аршалы ауданының елді мекендер атауларын қайта атау бойынша ұсыныс енгізу туралы" Аршалы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 24 тамыздағы № А-203 бірлескен қаулысы мен Аршалы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 24 тамыздағы № 29/3 шешімінің негізінде және Аршалы ауданының Донецкое, Волгодоновка ауылдары және Волгодонов ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ақмола облысы Аршалы ауданының кейбір ауылдары:

      Анар ауылдық округінің Донецкое ауылы Анаркөл ауылына;

      Волгодонов ауылдық округінің Волгодоновка ауылы Елтоқ ауылына қайта аталсын.

      2. Ақмола облысы Аршалы ауданының Волгодонов ауылдық округі Елтоқ ауылдық округіне қайта аталсын.

      3. Осы бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі Е.Маржикпаев
      Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Б.Жусупов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады