Ақмола облысы Көкшетау қаласы Красный Яр ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Көкшетау қаласы Красный Яр селолық округі әкімінің 2023 жылғы 30 наурыздағы № 10 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 31 наурызда № 8527-03 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып, 2018 жылғы 18 сәуірдегі Ақмола облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Ақмола облысы Көкшетау қаласы Красный Яр ауылының көшелері:

      Геологов көшесі Қаһармандар көшесіне;

      Комсомольская көшесі Ұлан көшесіне;

      Первомайская көшесі Қызғалдақ көшесіне;

      Садовая көшесі Игілік көшесіне;

      Строителей көшесі Ақсай көшесіне;

      Урожайная көшесі Адырна көшесіне;

      Целинная көшесі Нұрлы көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Красный Яр ауылдық округінің әкімі А.Тасқынбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады