Атбасар ауданы Атбасар қаласының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 16 қаңтардағы № а-1/12 және Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 7С 27/6 бірлескен қаулысы мен шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 26 қаңтарда № 3-0-8511 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 31 баптарына сәйкес, Атбасар қаласы халқының пікірін ескере отырып және 2022 жылғы 23 маусымдағы Ақмола облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Атбасар ауданы Атбасар қаласының келесі көшелері:

      А. Островский көшесін Қайрат Рысқұлбеков көшесіне;

      А. Матросов көшесін Қажымұқан көшесіне;

      Интернациональная көшесін Мұстафа Шоқай көшесіне;

      Ирченко көшесін Әлімхан Ермеков көшесіне;

      Урицкий көшесін Міржақып Дулатұлы көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Атбасар ауданының әкімі А.Қалжанов
      Атбасар аудандық
мәслихатының төрағасы
Б.Қамбатыров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады