Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 5 шілдедегі № 173 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 13 шілдеде № 8383 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір актілерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі Е. Тугжанов

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2023 жылғы 5 шілдедегі
№ 173 қаулысына қосымша

Ақтөбе облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір актілерінің тізбесі

      1. "Теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау көлемдерін айқындау Әдістемесін бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 29 наурыздағы № 154 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5907 болып тіркелген) қаулысы;

      2. "Теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау Қағидаларын бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 181 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5918 болып тіркелген) қаулысы;

      3. "Шығыстары Тараптар мемлекеттерінің тиісті шекара маңы субъектілерінің бюджеті есебінен субсидиялануға жататын теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды анықтау бойынша конкурс өткізу Қағидаларын бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 182 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5919 болып тіркелген) қаулысы;

      4. "Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 181 "Теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау Қағидаларын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 125 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6084 болып тіркелген) қаулысы;

      5. "Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 29 наурыздағы № 154 "Теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау көлемдерін айқындау Әдістемесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 126 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6085 болып тіркелген) қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады