Темір аудандық мәслихатының 2022 жылғы 15 қарашадағы № 248 "Темір ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 сәуірдегі № 12 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 27 сәуірде № 8332 болып тіркелді

      Темір аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Темір аудандық мәслихатының "Темір ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" 2022 жылғы 15 қарашадағы № 248 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30554 болып тіркелген) шешiмiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      4–тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Шығындарды өтеу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.";

      6–тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін өтініш беруші "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес ақционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы уәкілетті органға немесе "электрондық үкімет" веб–порталы (бұдан әрі – портал) шығындарды өтеу Қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса шығындарды өтеу Қағидаларының 1 немесе 2–қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Темір аудандық
мәслихатының төрағасы
Б. Шаимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады