Шалқар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 қазандағы № 136 "Шалқар ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 мамырдағы № 64 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 1 маусымда № 8358 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 қазандағы № 112 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 27.10.2023 № 112 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шалқар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 қазандағы № 136 "Шалқар ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5692 тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесі мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      көрсетілген шешіммен айқындалған Шалқар ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерінде және тәртібінде:

      1 тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретiнде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалғадаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

      Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 5 (бес) пайызы мөлшерінде белгіленеді.";

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармағымен толықтырылсын:

      "6-1. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 16 қазандағы № 539 "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде № 21500 болып тiркелген) бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.";

      7 тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсетуден тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде бас тартады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шалқар аудандық
мәслихатының төрағасы
С. Бигеев

О внесении изменений и дополнения в решение Шалкарского районного маслихата от 30 октября 2017 года № 136 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Шалкарском районе"

Решение Шалкарского районного маслихата Актюбинской области от 26 мая 2023 года № 64. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 1 июня 2023 года № 8358. Утратило силу решением Шалкарского районного маслихата Актюбинской области от 27 октября 2023 года № 112

      Сноска. Утратило силу решением Шалкарского районного маслихата Актюбинской области от 27.10.2023 № 112 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Шалкарский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Шалкарского районного маслихата от 30 октября 2017 года № 136 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Шалкарском районе" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 5692) следующие изменения и доплнение:

      преамбулу указанного решения изложить в следующей новой редакции:

      "В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 97 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях", постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", Шалкарский районный маслихат РЕШИЛ:";

      в Размере и порядке оказания жилищной помощи в Шалкарском районе, определенных указанным решением:

      пункт 1 изложить в следующей новой редакции:

      "1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, на оплату:

      расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов малообеспеченных семей (граждан) на эти цели, установленным местными представительными органами.

      Доля предельно допустимых расходов в пределах установленных норм устанавливается в размере 5 (пяти) процентов от совокупного дохода семьи (гражданина).";

      дополнить пунктом 6-1 следующего содержания:

      "6-1. Прием заявлений и выдача результатов оказания государственной услуги осуществляется согласно приказа исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 16 октября 2020 года № 539 "Об утверждении Правил по оказанию государственной услуги "Назначение жилищной помощи" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 21500).";

      пункт 7 изложить в следующей новой редакции:

      "7. Уполномоченный орган отказывает в предоставлении жилищной помощи в порядке и сроки, установленные уполномоченным органом, осуществляющим руководство и межотраслевую координацию в сфере жилищных отношений и жилищно-коммунального хозяйства.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Шалкарского
районного маслихата
С. Бигеев