Алматы облысы Қонаев қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы

Жаңа

Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 410 бірлескен қаулысы және Алматы облыстық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № 9-53 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 1 желтоқсанда № 6051-05 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес және Қонаев қаласы әкімдігі мен мәслихатының бірлескен ұсынысы негізінде, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы бірлескен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының шешімінің қосымшасына сәйкес Алматы облысы Іле ауданының Жетіген ауылдық округінің шекарасына жалпы көлемі 10962 гектар жерді беру арқылы Қонаев қаласының шекарасы (шегі) өзгертіліп, жалпы көлемі 307864 гектар шекарасында белгіленсін.

      2. Осы бірлескен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының шешімінің орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы бірлескен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облысының әкімі М. Султангазиев
      Алматы облыстық мәслихатының төрағасы Т. Байедилов

  Алматы облысының әкімдігі 2023 жылғы 24 қарашадағы № 410 мен Алматы облыстық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № 9-53 бірлескен шешіміне қосымша

Қонаев қаласынан Іле ауданының Жетіген ауылдық округінің шекарасына берілетін жерлерінің экспликациясы

Р/с №

Ауданның атауы

Жалпы жер ауданы (гектар)

оның ішінде:

ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер (гектар)

елді мекендер жерлері (гектар)

өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждығына және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер (гектар)

ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер (гектар)

орман қорының жерлері (гектар)

су қорының жерлері (гектар)

босалқы жерлер (гектар)

1

Қонаев қаласынан Іле ауданының Жетіген ауылдық округінің шекарасына берілетін жерлерінің жалпы ауданы

10962

2916

526,7

3174,8

50

445

3

3846,5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады