Жыланды ауылдық округінің Әшім ауылындағы қайталанатын көшенің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Жетісу облысы Алакөл ауданы Жыланды ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 22 мамырдағы № 14 шешімі. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2023 жылы 24 мамырда № 31-19 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Алакөл ауданы Жыланды ауылдық округі Әшім ауылының халқының пікірін ескере отырып және 2022 жылғы 30 наурыздағы облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Жетісу облысы Алакөл ауданы Жыланды ауылдық округінің әкімі ШЕШТІМ:

      1. Алакөл ауданы Жыланды ауылдық округінің Әшім ауылындағы "Нұрмолда Мұқанов" қайталама орталық көшесінің атауы "Темеш Оспанов" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жыланды ауылдық округі әкімі М. Садуакасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады