Боралдай кентінің көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Іле ауданы Боралдай кенті әкімінің 2023 жылғы 25 мамырдағы № 199 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2023 жылы 26 мамырда № 6008-05 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Боралдай кенті халқының пікірін ескере отырып және 2022 жылғы 24 қарашадағы Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Боралдай кентінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Боралдай кентінің келесі көшелері қайта аталсын:

      Боралдай кентіндегі "8 март" көшесі – "Көктем" көшесіне, "Мир" көшесі – "Бейбітшілік" көшесіне, "Рижская" көшесі – "Қайнар" көшесіне, "Черемушки" көшесі – "Әйтеке би" көшесіне, "Арычная" көшесі – "Жамбыл Жабаев" көшесіне, "Восточная" көшесі – "Ахмет Жұбанов" көшесіне, "Заречная" көшесі – "Қайрат Рысқұлбеков" көшесіне, "Набережная" көшесі – "Ата мұра" көшесіне, "Новая" көшесі – "Шәкәрім" көшесіне, "Овражная" көшесі – "Халифа Алтай" көшесіне, "Первомайская" көшесі – "Төле би" көшесіне, "Полевая" көшесі – "Тұманбай Молдағалиев" көшесіне, "Речная" көшесі – "Арна" көшесіне, "Садовая" көшесі – "Шырайлы" көшесіне, "Северная" көшесі – "Рақымжан Қошқарбаев" көшесіне, "Сельская" көшесі – "Шәкен Айманов" көшесіне, "Совхозная" көшесі – "Дәнеш Рақышев" көшесіне, "Южная" көшесі – "Рауан" көшесіне, "Омск" тұйық көшесі – "Береке" көшесіне, "Минский" тұйық көшесі – "Бірлік" көшесіне, "Ташкентская" көшесі – "Тұрар Рысқұлов" көшесіне, "Школьная" көшесі – "Шамшырақ" көшесіне, "Северный" тұйық көшесі – "Шаттық" көшесіне, "Космонавтов" көшесі – "Ыбырай Алтынсарин" көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі Д. Конурбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады