Қарасай ауданының аумағында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы

Жаңа

Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 40 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2023 жылы 27 қаңтарда № 5968-05 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармағы 9) тармақшасына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 19-бабының 4-тармағына сәйкес, Қарасай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарасай ауданының аумағында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифі 1 шақырымға 6 (алты) теңге мөлшерінде белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ж. Естенов
      "КЕЛІСІЛДІ" Қарасай аудандық мәслихаты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады