Райымбек ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңа

Алматы облысы Райымбек ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 11 сәуірдегі № 63 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 12 сәуірде № 5976-05 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген) сәйкес, Райымбек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Райымбек ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы Райымбек ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Райымбек ауданының әкімі Б. Дуйсенбаев

  Райымбек ауданының әкімдігінің 2023 жылғы "_____"___________ № қаулысына қосымша

Райымбек ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орны

Алатын алаңы (шаршы метр)

Сауда қызметін, жүзеге асыру кезеңі (жыл)

Қызмет саласы

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері cондай-ақ қоғамдық тамақтандыру обьектілері)

1

Нарынқол ауылы, Райымбек көшесі, № 62 үйге қарама-қарсы

40

3

азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

жоқ

2

Нарынқол ауылы, Райымбек көшесі, № 72/5 үйге қарама-қарсы

20

3

азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

жоқ

3

Нарынқол ауылы, Райымбек көшесі № 62/1 үйге қарама-қарсы

70

5

азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

жоқ

4

Қостөбе ауылы, Бердібек Соқпақбаев көшесі № 2 оң жақ

30

3

азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

жоқ


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады