Талғар қаласының құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 8 маусымдағы № 06-241 бірлескен қаулысы және Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 8 маусымдағы № 5-22 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2023 жылы 12 маусымда № 6014-05 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, Талғар қаласы халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 26 наурыздағы қорытындысы негізінде, Талғар аудандық мәслихаты ШЕШТІ және Талғар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Талғар қаласының оңтүстігінде орналасқан, атауы жоқ көшеге – "Алтынемел" көшесі атауы берілсін.

      2. Талғар қаласының келесі құрамдас бөліктері қайта аталсын:

      "Авангардная" көшесі – "Байқоңыр" көшесіне, "Арычная" көшесі – "Ертіс" көшесіне, "Белорусская" көшесі – "Тұран" көшесіне, "Ботаническая" көшесі – "Алматы" көшесіне, "Бульварная" көшесі – "Алатау" көшесіне, "Виноградов" көшесі – "Алтын Орда" көшесіне, "Восточная" көшесі – "Алтай" көшесіне, "Заречная" көшесі – "Жайық" көшесіне, "Капчагайская" көшесі – "Қапшағай" көшесіне, "Киевская" көшесі – "Түркістан" көшесіне, "Клеверная" көшесі – "Медеу" көшесіне, "Колхозная" көшесі – "Шарын" көшесіне, "Крымская" көшесі – "Отырар" көшесіне, "Ленинградская" көшесі – "Семей" көшесіне, "Медицинская" көшесі – "Оқжетпес" көшесіне, "Минская" көшесі – "Сарыарқа" көшесіне, "Мичурин" көшесі – "Астана" көшесіне, "Новостройка" көшесі – "Жидебай батыр" көшесіне, "Одесская" көшесі – "Тобыл" көшесіне, "Озерная" көшесі – "Алакөл" көшесіне, "Правда" көшесі – "Жетісу" көшесіне, "Промышленная" көшесі – "Алаш" көшесіне, "Овчаров" көшесі – "Бурабай" көшесіне, "Пятигорск" көшесі – "Шыңғыстау" көшесіне, "Рабочая" көшесі – "Тарбағатай" көшесіне, "Рылеева" көшесі – "Баянауыл" көшесіне, "Рижская" көшесі – "Арыс" көшесіне, "Физкультурная" көшесі – "Сығанақ" көшесіне, "Сенная" көшесі – "Қарқара" көшесіне, "Станционная" көшесі – "Ордабасы" көшесіне, "Трудовая" көшесі – "Қаратау" көшесіне, "Украинская" көшесі – "Қазығұрт" көшесіне, "Яблочкова" көшесі – "Бұқтырма" көшесіне, "Новая" көшесі – "Сарайшық" көшесіне, "Балхашская" көшесі – "Балқаш" көшесіне, "Береговая" көшесі – "Талхиз" көшесіне, "Севостопольская" көшесі – "Зайсан" көшесіне.

      3. Осы бірлескен Талғар аудандық мәслихатының шешімі мен Талғар ауданының әкімдігінің қаулысының орындалуын бақылау Талғар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен Талғар аудандық мәслихатының шешімі мен Талғар ауданының әкімдігінің қаулысы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Т. Айдарбеков
      Талғар аудандық мәслихатының төрағасы М. Алибеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады