Шонжы ауылдық округінің Шонжы ауылының кейбір көшелерін қайта атау және атау беру туралы

Жаңа

Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 6 маусымдағы № 106 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2023 жылы 7 маусымда № 6013-05 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шонжы ауылдық округінің Шонжы ауылы халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2022 жылғы 24 қарашадағы қорытындысының негізінде ШЕШТІМ:

      1. Шонжы ауылдық округінің Шонжы ауылының келесі көшелері:

      2-ші "Мәметова" көшесі – "Ақтерек" көшесі;

      2-ші "Кадыров" көшесі – "Арна" көшесі;

      3-ші "Айнабеков" көшесі – "Ақбастау" көшесі;

      2-ші "Айбын" көшесі – "Ақжарсай" көшесі;

      "Межколхозная" көшесі – "Ақтоғай" көшесі;

      "Арычная" көшесі – "Сауран" көшесі;

      "Саганайская" көшесі – "Белкөл" көшесі;

      "Западная" көшесі – "Алшын" көшесі;

      "Новостройка" көшесі – "Жоламан" көшесі деп қайта аталсын.

      2. Шонжы ауылдық округінің Шонжы ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      атауы жоқ көшесіне – "Жусан" көшесі;

      атауы жоқ көшесіне – "Ақтоған" көшесі;

      атауы жоқ көшесіне – "Дарабоз" көшесі;

      атауы жоқ көшесіне – "Дәстүр" көшесі;

      атауы жоқ көшесіне – "Ырысты" көшесі;

      атауы жоқ көшесіне – "Таң самалы" көшесі;

      атауы жоқ көшесіне – "Куддус Кужамьяров" көшесі;

      атауы жоқ көшесіне – "Сарытөбе" көшесі;

      атауы жоқ көшесіне – "Шағала" көшесі;

      атауы жоқ көшесіне – "Жанкент" көшесі;

      атауы жоқ көшесіне – "Жайық" көшесі.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шонжы ауылдық округі әкімінің орынбасары Ә. Нурсеитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады