Абай облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесін бекіту туралы

Жаңартылған

Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 2/15-VIIІ шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 24 сәуірде № 46-18 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының Су Кодексінің 92-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:

      1) Абай облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2) Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай облысы мәслихатының төрағасы
      К. Сулейменов

  Абай облысы мәслихатының
2023 жылғы 20 сәуірдегі
№ 2/15-VIII шешімнің
қосымшасы

Абай облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Абай облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алудың осы ережесі (әрі қарай - Ереже) Қазақстан Республикасының Су Кодексіне сәйкес әзірленді және Абай облысының аумағында халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алудың тәртібін анықтайды.

      2. Ереже халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау бойынша қызметтерді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға таралады.

      3. Осы Ережеде келесі терминдер мен анықтаулар пайдаланылады:

      1) ауыз сумен жабдықтау – ауыз суды алуды, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды және су тұтынушыларға беруді қамтамасыз ететін технологиялық процесс;

      2) орталықтандырылмаған сумен жабдықтау – суды шығындау орындарына бермей, жинауға арналған, жалпы пайдалану үшiн ашық немесе жеке пайдаланылатын құрылыстар;

      3) сумен жабдықтау - суды жинауды, сақтауды, дайындауды, берудi және сумен жабдықтау жүйесi арқылы су тұтынушыларға таратуды қамтамасыз ететiн iс-шаралар жиынтығы.

2-тарау. Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алуға қойылатын талаптар

      4. Өз мұқтаждықтары үшін орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтауды жүзеге асыратын жеке тұлғалар тіркеуді ерікті негізде жүзеге асырады.

      5. Су объектілерінен тәулігіне елу текше метрге дейінгі көлемде су алу кезінде халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау арнайы су пайдалануға рұқсат алуды талап етпейді.

      6. Халықты орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен тәулігіне елу текше метрден артық көлемде су алу кезінде Қазақстан Республикасының Су Кодексінің 92-бабына сәйкес арнайы су пайдалануға рұқсатты алу талап етіледі.

      7. Орталықтандырылмаған су көздерінің ауыз су сапасы өзінің құрамы мен қасиеті бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 26 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31934 болып тіркелген) бекітілген "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" Санитариялық қағидаларында белгіленген көрсеткіштерге сәйкес болуы тиіс.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – Абай облысы мәслихатының 20.02.2024 № 13/97-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3-тарау. Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын жер үсті және жер асты су объектілеріне жеке және заңды тұлғаларға берілетін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның қорытындысын тіркеуді ұйымдастыру

      8. Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау кезінде жеке және заңды тұлғалар уәкілетті орган белгілеген тәртіппен облыстың жергілікті атқарушы органы су пайдалануды міндетті түрде тіркеп, тұтастай алғанда осы су объектілеріне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның оң қорытындысы болғанда тікелей жер үсті және жер асты су объектілерінен су алуға құқылы.

      9. Су пайдалануды міндетті тіркеуді облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының "Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының су пайдалануды міндетті тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 18 сәуірдегі №19-02/183 бұйрығымен бекітілген су объектісінің орналасқан жері бойынша тиісті жергілікті атқарушы орган жүргізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады