Семей қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңа

Абай облысы Семей қаласының әкімдігінің 2023 жылғы 10 қарашадағы № 914 қаулысы. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 30 қарашада № 168-18 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Семей қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.

      2. "Семей қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" Семей қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 16 мамырдағы № 793 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28433 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Абай облысы Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Абай облысы Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының оның ресми жарияланғанынан кейін Семей қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Семей қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Семей қаласы әкімінің м. а.
      Р. Досмаганбетов

  Семей қаласы әкімдігінің
2023 жылғы 10 қарашадағы
№ 914 қаулысына
қосымша

Семей қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Р/с№

Нақты орналасу орны

Алатын алаңы (шаршы метр)

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі

Қызмет саласы

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

1.

Юность көшесі, № 25 ғимаратының сол жағында

10

5 жыл

азық-түлік тауарлары

"Наурыз" дүкені

2.

Красин көшесі, № 70 ғимаратына қарама – қарсы

10

5 жыл

азық-түлік тауарлары

"Мария" дүкені

3.

Лебаев көшесі, № 1/2 ғимаратының оң жағында

10

5 жыл

азық-түлік тауарлары

жоқ

4.

Восход кенті, Рудная көшесі, № 18 ғимаратының оң жағында

10

5 жыл

азық-түлік тауарлары

жоқ

5.

Юность көшесі, № 23 "В" ғимаратының оң жағында

10

5 жыл

азық-түлік тауарлары

жоқ

6.
 
 

Восточный кенті, Көшкінбаева көшесі, № 35 "А" ғимаратының оң жағында

10

5 жыл

азық-түлік тауарлары

"Светлана" дүкені

7.

Сәтпаев көшесі, № 134 ғимаратына қарама - қарсы

10

5 жыл

азық-түлік тауарлары

"Леди" дүкені

8.

Холодный ключ кенті, № 7 "А" ғимаратына қарама -қарсы

10

5 жыл

азық-түлік тауарлары

"Жансая" дүкені

9.

Қаржаубайұлы көшесі, № 259 "В" ғимаратының оң жағында

10

5 жыл

азық-түлік тауарлары

"Нур" дүкені

10.

Кәрменов көшесі, № 61 "А" ғимаратының сол жағында

10

5 жыл

азық-түлік тауарлары

"Бәйтерек" дүкені

11.

Степной кенті, № 12 "Д" ғимаратына қарама - қарсы

10

5 жыл

азық-түлік тауарлары

жоқ

12.

Комсомольский кенті, Гурьевская көшесі, "Ахметов" жанар - жағармай құю станциясының ғимаратына қарама - қарсы

10

5 жыл

азық-түлік тауарлары

жоқ

13.

1 ықшам аудан, № 7 "А" ғимаратына қарама - қарсы

10

5 жыл

азық-түлік тауарлары

"Роза" кафесі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады