Абай облысы Аягөз ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Жаңа

Абай облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 169 қаулысы. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 28 желтоқсанда № 201-18 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Абай облысы Аягөз ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.

      2. "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Аягөз ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 193 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7039 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Абай облысы Аягөз ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін Аягөз ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Аягөз ауданы әкімінің орынбасары Кобжасаров Нурлан Маратовичке жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аягөз ауданының әкімі
      Қ. Әділбай
     

      "Келісілді"

      Аягөз аудандық маслихаты

  Аягөз ауданының әкімдігінің
2023 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 169 қаулысына
қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының басшысы және орынбасары (стационарлық, жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар, үйде қызмет көрсететін ұйымдар, уақытша болу ұйымдары).

      2. Мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандықтағы дәрігерлер, мейіргер, диеталық мейіргер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балаларды және 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, емдік денешынықтыру жөніндегі нұсқаушы, еңбек терапиясы жөніндегі инструктор, мәдени ұйымдастырушы, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, логопед, психолог.

      3. Педагогикалық қызметшілер және соларға теңестірілген тұлғалар, оның ішінде: барлық мамандықтағы мұғалімдер, дефектолог, тәрбиеші, әдіскер.

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Мәдениет саласындағы мемлекеттік мекеме және қазыналық мәдениет кәсіпорны, бөлім, филиал басшылары мен басшысының орынбасары.

      2. Мамандар (бас, аға) оның ішінде: барлық атаудағы әртістер, музыкалық жетекші, кітапханашы, экскурсовод, режиссер, мәдени ұйымдастырушы, жаттықтырушы, инструктор, дәрігер, мейіргер, барлық атаудағы суретшілер, инспектор, әдіскер, қор сақтаушысы, хореограф, барлық мамандағы мұғалімдер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады