Жарма ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 25 маусымдағы № 170 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Абай облысы Жарма ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 539 қаулысы. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 25 желтоқсанда № 198-18 болып тіркелді

      Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жарма ауданы әкімдігінің "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2019 жылғы 25 маусымдағы № 170 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6037 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес, жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Абай облысы Жарма ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Жарма ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жарма ауданы әкімінің орынбасары С. Сатпековке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жарма ауданының әкімі
      Ж. Байсабыров

      КЕЛІСІЛДІ"

      Жарма аудандық

      мәслихатының төрағасы М. Оспанбаев

  Жарма ауданының әкімдігінің
2023 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 539 қаулысына
қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Әлеуметтік қамсыздандыру: әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, қарттар мен мүгедектігі бар адамды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, мәдени ұйымдастырушы (бұқаралық жұмыс жөніндегі ұйымдастырушы), еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы, музыкалық жетекші, инженер-программист (негізгі қызмет), әдіскер, тәрбиеші, психолог, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, мейіргер, диеталық мейіргер, емдік денешынықтыру жөніндегі нұсқаушы, логопед.

      Мәдениет: барлық атаудағы әдіскерлер (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әртістер, кітапханашы, дирижер, музыкалық жетекші, хореограф, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады