Жамбыл облысы бойынша 2023 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 66 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 26 сәуірде № 5005 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 тіркелген) бекітілген Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 38-тармағына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жамбыл облысы бойынша 2023 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысының әкімі Н. Нуржигитов

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2023 жылғы 21 сәуірдегі № 66
қаулысына қосымша

Жамбыл облысы бойынша 2023 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдері

  мың. теңге

Бюджет түрі

Жалпы қажетті

Бірегей тұқымдар

Элиталық тұқымдар

Бірінші репродукция тұқымдары

Бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары

Элиталық көшеттер

Жергілікті

857 000

2 288

231 244

58 473

244 063

320 932

Барлығы

857 000

2 288

231 244

58 473

244 063

320 932


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады