"Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 46 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 293 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 5 қаңтарда № 5144 болып тіркелді

      Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 46 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4989 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес жөніндегі авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдік іс-шараларды жүргізу кезінде, сондай-ақ орманда өрт қаупі жоғары кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу және орман пайдалану құқығын шектеу туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес жөніндегі авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдік іс-шараларды жүргізу кезінде, сондай-ақ орманда өрт қаупі жоғары кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салынсын және орман пайдалану құқығы шектелсін.".

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысының әкімі Е. Карашукеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады