Ұлытау облысында жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы

Жаңа

Ұлытау облысының әкімдігінің 2023 жылғы 10 қазандағы № 56/01 бірлескен қаулысы және Ұлытау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 6 қазандағы № 6/64 шешімі. Ұлытау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 16 қазанда № 59-20 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Жер кодексiнiң 50-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына және 27-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ұлытау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ұлытау облысында жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері осы бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Б. Әбдіғалиұлы
      Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы Б. Шингисов

  Ұлытау облысы
әкімінің аппараты
2023 жылғы 10
қазандағы
№ 56/01 мен
Ұлытау облыстық
мәслихатының
2023 жылғы 6
қазандағы
№ 6/64
бірлескен қаулысы мен
шешіміне қосымша

Ұлытау облысында жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері

Қалалар мен аудандардың атауы

Жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері (гектар), құқық ретінде:

жеке меншік

өтеулі жер уақытша пайдалану

Қазақстан Республикасының азаматында шаруа немесе фермерлік қожалығын жүргізу үшін

Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасында және оның үлестес тұлғаларында

Қазақстан Республикасының азаматында шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін

Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасында және оның үлестес тұлғаларында

барлығы

оның ішінде суару

барлығы

оның ішінде суару

барлығы

оның ішінде суару

барлығы

оның ішінде суару

1

Жезқазған қаласы

5

1

5

1

45

2

45

2

2

Қаражал қаласы

20

-

20

-

50

-

50

-

3

Сәтбаев қаласы

5

-

5

-

45

-

45

-

4

Жанаарқа ауданы

25

3

25

3

50

3

50

3

5

Ұлытау ауданы

5

3

5

3

50

3

50

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады