Қарағанды облысы әкімдігінің 2019 жылғы 4 қыркүйектегі № 52/01 "Қарағанды облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 88/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 8 желтоқсанда № 6531-09 болып тіркелді

      Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2019 жылғы 4 қыркүйектегі № 52/01 "Қарағанды облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5452 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қарағанды облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларында:

      2 тараудың 17 – тармағы алып тасталсын;

      2 тараудың 21 – тармағы мынадай редакцияда баяндалсын:

      "21. Белгіленген бағаны бекіте отырып, форвард шеңберінде сатып алынған көкөніс өнімдерін, сондай-ақ қарақұмық жармасын (дәні), тазартылған (домалақ дәнді) күрішті, күнбағыс майын, бірінші сортты бидай ұнын және ақ қантты – құмшекерді жеткізу мамандандырылған ұйым облыстың жергілікті атқарушы органымен бірлесіп бекіткен кесте және белгіленген сату/бөлшек сауда бағалары арқылы, оның ішінде көкөніс өнімдерін маусымаралық кезеңде (қыс-көктем кезеңі: ақпан, наурыз, сәуір; көктемгі-жазғы кезең: мамыр, маусым, шілде) немесе ішкі нарыққа реттеуші әсер ету қажет болған жағдайда басқа кезеңдерде жүзеге асырады.".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Е. Булекпаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады