Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 14.09.2023 № 63-8/5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қызылорда қалалық мәслихатының "Әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 427-73/10 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8050 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген, әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларында:
5-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"5."Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында 17-бабында көзделген әлеуметтік қолдау шаралары осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте көрсетіледі.".
6-тармақтың 1) тармақшасында:
он төртінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына - 30 (отыз) айлық көрсеткіш мөлшерінде;".
7-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетіледі:
1) табиғи зілзаланың немесе өрт оқиғасы орын алған мекен-жай бойынша тұрақты тіркелген, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) осы жағдай туындаған сәттен бастап алты ай ішінде жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай:
қайтыс болған әрбір отбасы мүшесіне бір рет 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілген жағдайда (растайтын құжат болған жағдайда) бір рет 150 (жүз елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) өмірлік қиын жағдайда қалған, оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігі шектеулі адамдарға (отбасыларға):
туберкулез ауруымен диспансерлік есепте тұрған адамдарға жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, ай сайын 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гемотологиялық аурулармен диспансерлік есепте тұрған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, ай сайын 7,6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
адамның иммун тапшылығы вирусынан туындаған диспансерлік есепте тұрған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің ай сайын екі еселенген мөлшерінде;
3) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын, өтініш берген уақыттың алдыңғы тоқсандағы жан басына шаққандағы орташа табысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің үш еселенген шамасынан төмен халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан адамдарға, атап айтқанда:
жетім балаларға;
мүгедектігі бар балаларға;
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
балалар үйлері мен балалар ауылдарының тәрбиеленушілеріне;
асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алатын балаларға;
ата-анасының екеуі де жасына байланысты зейнеткер болып табылатын немесе біреуі мүгедектігі бар адам болып табылатын балаларға;
бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған, толық емес отбасыларындағы балаларға;
Студенттерге әлеуметтік көмек оқу орны ұсынатын білім беру қызметтерінің құны мөлшерінде жыл сайынғы бір жолғы төлемдерден, сондай-ақ 72 (жетпіс екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тамақтану мен тұруға арналған шығындарды өтейтін жыл сайынғы біржолғы әлеуметтік төлемдерден тұрады;
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға, өтініш берген алдынғы тоқсандағы жан басына шаққандағы орташа табысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайды.
4) санаторий-курорттық емделуге бірінші топтағы мүгедектігі бар адаммен ілесіп жүретін адамға жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай Үлгілік қағидалардың 13-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса ұсына отырып, өтініш негізінде 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда қалалық мәслихатының төрағасы | И. Кутухуджаев |
"КЕЛIСIЛДI" "Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiмен |