Шиелі ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 2 ақпандағы № 149 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 10 ақпанда № 8363-11 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына сәйкес, Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Шиелі ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шиелі ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шиелі ауданының әкімі Н. Ахатов

  Шиелі ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 2 ақпандағы
№ 149 қаулысына қосымша

Шиелі ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Орналасу орны

Алатын алаңы (шаршы метр)

Қызмет саласы

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл)

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

1

2

3

4

5

6

1

Шиелі кенті, "Самара-Шымкент" тас жолының оң жақ бетінде орналасқан "Самрат" дәмханасына қарама-қарсы

200

Бөлшек сауда
(ауыл шаруашылық өнімдерін сату)

5

"Самрат" дәмханасы

2

Шиелі кенті, Дәулеткерей көшесі, "Injoi" дүкеніне қарама-қарсы

70

Бөлшек сауда
(ауыл шаруашылық өнімдерін сату)

5

"Injoi" дүкені

3

Бәйтерек ауылдық округі, Бидайкөл ауылы, М.Шоқай көшесі, "Береке" дүкеніне
қарама-қарсы

60

Бөлшек сауда
(ауыл шаруашылық өнімдерін сату)

5

"Береке" дүкені

4

Еңбекші ауылдық округі, Еңбекші ауылы, Оразов көшесі, "Баба ата" мешітіне
қарама-қарсы

160

Бөлшек сауда
(ауыл шаруашылық өнімдерін сату)

5

"Бексұлтан", "Әлихан", "Алия" дүкендері

5

Ортақшыл ауылдық округі, Ортақшыл ауылы, С.Сейфуллин көшесі, "Шашты ата" мешітінің сол жағында

20

Бөлшек сауда
(ауыл шаруашылық өнімдерін сату)

5

"Нұрдаулет" дүкені

6

Талаптан ауылдық округі, Балаби ауылы, Балаби көшесі, "Димаш" дүкенінің сол жағында

100

Бөлшек сауда
(ауыл шаруашылық өнімдерін сату)

5

"Димаш" дүкені

7

Тұран ауылдық округі, Ш.Қодаманов ауылы,
Орталық көшесі, "Жанат" дүкенінің оң жағында

18

Бөлшек сауда
(ауыл шаруашылық өнімдерін сату)

5

"Жанат" дүкені

8

Жиделіарық ауылдық округі, Жиделіарық ауылы, Есабыз ата көшесі, № 21 үйдің сол жағында

60

Бөлшек сауда
(ауыл шаруашылық өнімдерін сату)

5

"Нұрғайша" дүкені


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады