Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 115 "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 15 ақпандағы № 94 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 16 ақпанда № 9934 болып тіркелді

      Қостанай облысы Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 115 "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6517 тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Әулиекөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әулиекөл ауданының әкімі Е. Теменов

  Әулиекөл ауданы әкімдігінің
  2023 жылғы 15 ақпандағы
  № 94 қаулысына
  қосымша
  Әулиекөл ауданы әкімдігінің
  2016 жылғы 24 мамырдағы
  № 115 қаулысына
  қосымша

Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері

Тұрғын үйдің мекен-жайы

Айына бір шаршы метр үшін төлемақы мөлшері (теңге)

1

Әулиекөл ауылы, Астана көшесі, 1 үй, 1 пәтер

28,7

2

Әулиекөл ауылы, Восточный көшесі, 1 үй, 1 пәтер

11

3

Әулиекөл ауылы, Гагарин көшесі, 109 үй, 4 пәтер

24,8

4

Әулиекөл ауылы, Джангилдин көшесі, 56 үй, 4 пәтер

20,4

5

Әулиекөл ауылы, Строительный көшесі, 6 үй, 2 пәтер

70

6

Әулиекөл ауылы, Строительный көшесі, 6 үй, 3 пәтер

72

7

Әулиекөл ауылы, Строительный көшесі, 6 үй, 4 пәтер

70

8

Әулиекөл ауылы, Тұрғымбаев көшесі, 7 үй, 2 пәтер

31,2

9

Құсмұрын кенті, Калинин көшесі, 23 үй, 1 пәтер

12

10

Құсмұрын кенті, Калинин көшесі, 34 үй, 18 пәтер

9,2

11

Құсмұрын кенті, Калинин көшесі, 37 үй, 12 пәтер

8,2

12

Құсмұрын кенті, Калинин көшесі, 37 үй, 70 пәтер

9

13

Құсмұрын кенті, Калинин көшесі, 37 үй, 68 пәтер

11,6

14

Құсмұрын кенті, Калинин көшесі, 33 үй, 38 пәтер

9,9

15

Құсмұрын кенті, Спортивный көшесі, 9 үй, 50 пәтер

10,3

16

Құсмұрын кенті, Спортивный көшесі, 9 үй, 33 пәтер

11

17

Аманқарағай ауылы, Комсомольский көшесі, 6 үй, 3 пәтер

11,6

18

Аманқарағай ауылы, Приэлеваторный көшесі, 24 үй, 6 пәтер

6,3

19

Аманқарағай ауылы, Жамбыл көшесі, 65 үй

12

20

Аманқарағай ауылы, Железнодорожный көшесі, 19 үй

13

21

Аманқарағай ауылы, Новый көшесі, 1 үй, 4 пәтер

12,1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады