Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 93 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 5 қаңтарда № 10125-10 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Жітіқара ауданның мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау.

      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара аудандық мәслихатының төрағасы Н. Уразалинов

  Мәслихаттың
  2023 жылғы 27 желтоқсандағы
  № 93 шешіміне
  1-қосымша

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 20.02.2024 № 122 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң), "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия - мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша шешімімен құрылатын комиссия;

      3) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      4) әлеуметтік көмек – ауданның жергілікті атқарушы органы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі-алушылар), сондай-ақ мереке күні мен еске алу датаға орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;

      5) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – ауданның жергілікті атқарушы органы, әлеуметтік көмекті жүзеге асырады;

      6) ең төмен күнкөріс деңгейі - шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;

      7) жан басына шаққандағы орташа табыс - отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;

      8) мерекекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) - Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;

      9) уәкілетті мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      10) учаскелік комиссия - атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп-қарау жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия;

      11) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      3. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік көмек көрсету үшін мерекелік күндер мен еске алу датасының тізімі:

      1) Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Демократиялық Ауғанстан Республикасынан шығару күні - 15 ақпан еске алу датасы болып табылады;

      2) Отан қорғаушылар күні - 7 мамыр;

      3) Жеңіс күні - 9 мамыр.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      5. Біржолғы әлеуметтік көмек азаматтардың мынадай санаттарына, мереке күні мен еске алу датаға орай, табыстарын есепке алмай көрсетіледі:

      1) Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстан Демократиялық Республикасынан 35-жылдығына шығарылған -15 ақпан:

      бұрынғы КСР Одағының үкіметтік органдарының шешімдеріне сәйкес Ауғанстан аумағындағы қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілеріне, бұрынғы КСР Одағының ішкі істер министрлігінің басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса алғанда) 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағында оқу-жаттығу жиындарына шақырылған және жауынгерлік қимылдарын жүргізу кезеңінде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      жауынгерлік қимылдарын жүргізу кезеңінде осы елге жүктерді жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілеріне 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі КСР Одағы) аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларға ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшілеріне 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ауғанстанда кеңес әскери контингентіне қызмет көрсеткен, жараланған, контузия алған немесе мертіккен не бо қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшілерге 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін атқару кезінде немесе қимылдары жүргізілген Ауғанстанда әскери қызмет өткеру кезінде ауырып қалу салдарынан жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан мүгедектігі белгіленген әскери қызметшілерге 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ауғанстандағы қимылдары кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауыруы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр:

      1992 жылғы қыркүйектен 2001 жылғы ақпанға дейінгі кезеңде тәжік-ауған учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      2003 жылғы тамыздан 2008 жылғы қазанға дейінгі кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операциясына бітімгершілік ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      1986-1991 жылдар кезеңінде Нагорный Карабахта этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілеріне, сондай-ақ басшы және қатардағы құрамының адамдарына 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      3) Жеңіс күні - 9 мамыр:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, Жеңіс күніне орай, табыстарын есепке алмай, 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Заңның 6, 7, 8 баптарында көрсетілген ардагерлер мен басқа да адамдарға, мерекелік күнге және еске алу датасына, Жеңіс күніне орай, табыстарын есепке алмай: майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 100 000 (бір жүз мың) теңге;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдарға 100 000 (бір жүз мың) теңге;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк балалары (тәрбиеленушiлерi) және юнгалар ретiнде болған адамдарға 100 000 (бір жүз мың) теңге;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шет елдердiң аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарға 100 000 (бір жүз мың) теңге;

      бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының арнаулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерi үшін мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында еріксіз ұсталған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерiне 100 000 (бір жүз мың) теңге;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты мүгедектік белгіленген әскери қызметшілерге 100 000 (бір жүз мың) теңге;

      қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, жарақат алуы салдарынан не майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген бұрынғы КСР Одағы мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 100 000 (бір жүз мың) теңге;

      Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтарға 60 000 (алпыс мың) теңге;

      Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарына 100 000 (бір жүз мың) теңге;

      1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде Украина КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстония КСР аумағында болған халықты қорғаушы жойғыш батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлерi мен командалық құрамы қатарындағы, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға 60 000 (алпыс мың) теңге;

      Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналары және екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне, екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 30 000 (отыз мың) теңге;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға 60 000 (алпыс мың) теңге;

      Қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 30 000 (отыз мың) теңге;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      Қағидалардың 4) және 5) тармақшаларының 8 тармағы көзделген негіздер бойынша, мерекелік күнге және еске алу датасына орай әлеуметтік көмек алушыларды қоспағанда, Заңның 5, 6, 7, 8 баптарында көрсетілген ардагерлер мен басқа да адамдарға, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      6. Мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетіледі:

      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тұрмыстық қажеттіліктеріне, табыстарын есепке алмай, ай сайын, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) Заңның 8-бабы бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, ардагерлерге және заңның 5, 6, 7, 8 баптарында көрсетілген басқа адамдарға тұрмыстық қажеттіліктерге, кірістерді есепке алмағанда, ай сайын 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) диспансерлік есепте тұрған адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне ай сайын екі еселенген ең төменгі күнкөріс кірістер деңгейі есепке алынбай;

      4) туберкулез ауруымен ауыратын және амбулаториялық емдеудегі адамдарға кірістер есепке алынбай ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      5) мүгедектігі бар адамдарға олардың оңалту орталықтарына және кері қайтуына байланысты шығыстарды өтеу үшін кірістерді есепке алмағанда, тоқсан сайын 3 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде;

      6) Қазақстан Республикасының оқу орындарында білім алуға байланысты, оқу жылы ішінде жартыжылдықта бір рет аударылатын нақты құны бойынша оқу ақысын төлеу үшін техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі не жоғары білім (бұдан әрі - білім) алғаш рет сатып алатын адамдарға, иеленушілер болып табылатын адамдарды қоспағанда, 400 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде білім беру гранттарын алушылар, мемлекеттік бюджеттен төлемдердің өзге де түрлерін алушылар:

      өтініш беру алдындағы соңғы он екі айдағы жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасылардан шыққан жастар Қостанай облысы бойынша белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен, күндізгі оқу нысанынан төмен;

      халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын, жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқуды жалғастыратын жастардың табыстарын, күндізгі оқу нысанын есепке алмағанда;

      мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасында ұсынымы бар мүгедектігі бар адамдарға табыстарын есепке алмағанда;

      7) мүгедектігі бар адамдарға, жедел емдеуге, кірістерді есепке алмағанда, біржолғы, 50 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде;

      8) мүгедектігі бар адамдарға дәрілік заттарды сатып алуға байланысты шығыстарды өтеу үшін жылына 1 рет, нақты шығындар мөлшерінде, кірістерді есепке алмағанда 30 айлықтан аспайтын есептік көрсеткіш;

      9) мүгедектігі бар адамдарға олардың санаторийге және кері қайтуына байланысты шығыстарды өтеу үшін кірістерді есепке алмағанда жылына 1 рет 3 айлықтан аспайтын есептік көрсеткіш мөлшерде;

      10) дүлей зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне кірістерді есепке алмағанда, бір мезгілде 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      11) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға табыстары есепке алынбай, бір мезгілде 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      12) жан басына шаққандағы орташа табысы өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан адамдарға тұрмыстық қажеттіліктерге жылына 1 рет 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      13) жан басына шаққандағы орташа табысы өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан адамдарға, қайтыс болған күні еңбек ұтқырлығы орталығында жұмыссыз ретінде тіркелген қайтыс болған туыстарын, жұбайларын жерлеуге, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардан шыққан адамдарға кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге біржолғы 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде беріледі.

      7. Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіз болып табылады:

      1) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы;

      2) ең төменгі күнкөріс деңгейіне еселенген қатынаста жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;

      3) жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмауы;

      4) жасы ұлғаюына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсетуге қабілетсіздігі;

      5) бас бостандығынан айыру орындарынан босату, пробация қызметінің есебінде болу.

      8. Қостанай облысы бойынша жан басына шаққандағы орташа табыс шегі бір реттік ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде белгіленсін.

      9. Оқу ақысына әлеуметтік көмек бір білім алуға көрсетіледі.

      10. Осы Қағидалардың 7-тармағының 1) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша әлеуметтік көмек көрсетілген оқиғалар басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей көрсетіледі.

      11. Әрбiр жекелеген жағдайда көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек мөлшерiн арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындыда көрсетедi.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      12. Атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмек оны алушылардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.

      Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын жергілікті атқарушы орган белгілейді, содан кейін уәкілетті ұйымға не өзге де ұйымдарға сұраныс жіберу арқылы олардың тізімдері қалыптастырылады.

      13. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінен немесе отбасы атынан әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне Үлгілік қағидаларға 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті мынадай құжаттарды қоса бере отырып ұсынады:

      1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      2) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер (адамның (отбасы мүшелерінің) табыстарына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмек алу үшін, адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер берілмейді).

      Осы Қағидалардың 6-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген, алғаш рет жүгінген адамдар өтініш берушінің әлеуметтік мәртебесін растайтын құжатты ұсынады.

      Осы Қағидалардың 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамдардың ата-анасы не заңды өкілі адамның иммун тапшылығы вирусымен ауырғанын растайтын құжатты ұсынады.

      Осы Қағидалардың 6-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген адамдар туберкулезбен ауырғанын және амбулаториялық емделуде болғанын растайтын құжатты ұсынады.

      Осы Қағидалардың 6-тармағының 5), 9) тармақшаларында көрсетілген адамдар тұру фактісін және жол жүру құнын растайтын құжаттарды ұсынады.

      Осы Қағидалардың 6-тармағы 6) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген адамдар оқу фактісін, оның құнын және мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасын растайтын құжаттарды ұсынады.

      Осы Қағидалардың 6-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген тұлғалар ағымдағы жылғы рецептілік бланкінің дәрігер куәландырған көшірмесін және кассалық және/немесе тауарлық чекті ұсынады.

      Осы Қағидалардың 6-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген адамдар табиғи зілзала немесе өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне келтірілген залал фактісін растайтын құжатты ұсынады.

      Осы Қағидалардың 6-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген адамдар бас бостандығынан айыру орындарынан босату, пробация қызметінің есебінде болу фактісін растайтын құжаттарды ұсынады.

      Осы Қағидалардың 6-тармағының 13) тармақшасында көрсетілген адамдар өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы табыстары туралы мәліметтерді, қайтыс болу фактісін, сондай-ақ қайтыс болған кезде қайтыс болған адамды жұмыссыз ретінде тіркеу фактісін растайтын құжаттарды ұсынады.

      Салыстырып тексеру үшін құжаттар түпнұсқада және көшірмелерде ұсынылады. Салыстырғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      Әлеуметтік көмек өтініш берілген айдан бастап тағайындалады.

      14. Осы Үлгілік қағидалардың 8-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш түскен кезде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган немесе ауыл, ауылдық округ әкімі 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      15. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Үлгілік қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акт жасайды, тұлғаның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға немесе, ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.

      Ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттарымен бірге әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

      16. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      17. Қажетті құжаттардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты өтініш берушінің оларды ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешімді өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың тиісті мәліметтерді қамтитын деректері негізінде қабылдайды.

      18. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұлғаның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      19. Арнайы комиссия құжаттар түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығарады, қорытынды оң болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      20. Өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттары тіркелген күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы Үлгілік қағидалардың 17 және 16-тармақтарында көрсетілген жағдайларда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауыл әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      21. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      22. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден өтініш беруші бас тартқан, жалтарған;

      3) тұлғаның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артық болған жағдайларда жүзеге асырылады.

      23. Әлеуметтік көмек көрсетуге арналған шығыстарды қаржыландыру ағымдағы қаржы жылына арналған аудан бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      24. Әлеуметтік көмек келесі жағдайларда тоқтатылады:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушы мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберілген;

      4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      25. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерікті тәртіппен қайтарылуға жатады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға жатады.

      26. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Мәслихаттың
  2023 жылғы 27 желтоқсандағы
  № 93 шешіміне
  2-қосымша

Жітіқара аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Мәслихаттың "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 4 қыркүйектегі № 438 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9478 болып тіркелген).

      2. Мәслихаттың "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" мәслихаттың 2020 жылғы 4 қыркүйектегі № 438 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 32 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9889 болып тіркелген).

      3. Мәслихаттың "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" мәслихаттың 2020 жылғы 4 қыркүйектегі № 438 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 8 сәуірдегі № 152 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27674 болып тіркелген).

      4. Мәслихаттың "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" мәслихаттың 2020 жылғы 4 қыркүйектегі № 438 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2022 жылғы 3 маусымдағы № 161 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28420 болып тіркелген).

      5. Мәслихаттың "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" мәслихаттың 2020 жылғы 4 қыркүйектегі № 438 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 6 қыркүйектегі № 197 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29530 болып тіркелген).

      6. Мәслихаттың "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" мәслихаттың 2020 жылғы 4 қыркүйектегі № 438 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 266 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9956 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады