Мәслихаттың 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 200 "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 5 маусымдағы № 36 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 14 маусымда № 10025 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2024 жылғы 18 сәуірдегі № 166 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 18.04.2024 № 166 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мәслихаттың "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 200 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29815 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында 3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға "Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) айқындалатын тәртіппен есептейді.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарыкөл аудандық мәслихатының төрағасы Д. Абжамалов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады