Павлодар облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 538/44 "Павлодар облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облыстық мәслихатының 2023 жылғы 11 қыркүйекте № 54/4 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 14 қыркүйекте № 7392-14 болып тіркелді

      Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар облыстық мәслихатының "Павлодар облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 538/44 шешіміне (Нормативтік кұқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7102 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген "Павлодар облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру қағидаларының 3-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Атақ: ерекше еңбегі үшін (мемлекеттік, әскери және қоғамдық қызметтегі, демократияны, жариялылық пен әлеуметтік прогресті, рухани және зияткерлік әлеуетті дамытудағы жоғары жетістіктері үшін; заңдылықты, құқықтық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтудағы белсенділігі үшін; облыстың (қаланың, ауданның) әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін) қоршаған ортаны қорғауға белсенді қатысқаны және өскелең ұрпақты рухани-патриоттық тәрбиелегені үшін) жалпы еңбек өтілі облыспен, қаламен, ауданмен жоғарыда аталған қызмет салаларының бірінде кемінде 20 жыл байланысты азаматтарға беріледі.";

      7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Атақ Қазақстан Республикасы күніне орайластырылып жылына бір рет беріледі. Атақ жетіден аспайтын азаматтарға беріледі.

      Павлодар облысының (қаласының, ауданының) мерейтойлық күніне орай Атақ беру әрбір он жыл сайын жүзеге асырылады және он адамға дейін берілуі мүмкін.

      Қолдаухаттар қабылдау ағымдағы жылдың 15 қыркүйегіне дейін жүзеге асырылады. Белгіленген мерзімнен кеш келіп түскен қолдаухаттар қаралмайды.";

      "21. "Павлодар облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" төсбелгісін, куәлігін (бұдан әрі – куәлік) тапсыруды облыстың (қаланың, ауданның) әкімі және тиісті мәслихаттың төрағасы салтанатты түрде жүргізеді.";

      "22. Куәлікке облыс (қала, аудан) әкімі және тиісті мәслихат төрағасы қол қояды.";

      "Павлодар облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы И. Теренченко

  Павлодар облыстық
мәслихатының 2023 жылғы
11 қыркүйектегі № 54/4
шешіміне қосымша
  "Павлодар облысының
(қаласының, ауданының)
Құрметті азаматы" атағын
беру қағидаларына
қосымша

      ____________________

      (облысы/қала/аудан)

      НАГРАДА ҚАҒАЗЫ

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ___________________________________________________

      __________________

      2. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)

      3. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны (кәсіпорын, мекеме, ұйым бөлімшесінің атауы дәл көрсетілуі керек)

      _____________________________________________________________________

      4. Жынысы ________________________________________________________

      5. Туған жылы мен туған жері ________________________________________

      6. Ұлты ___________________________________________________________

      7. Білімі ___________________________________________________________

      8. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы ______________________________

      9. Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен наградталған және наградталған

      уақыты:________________________________

      10. Үйінің мекенжайы:____________________________________________

      11. Жалпы жұмыс өтілі ___________ Саладағы жұмыс өтілі___________

      12. Осы еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі _____________________________

      13. Наградталушының нақты айрықша еңбегін сипаттайтын мінездеме:

      __________________________________________________________________

      Кандидатура талқыланып, ұсынылған._______________________

      (кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның атауы немесе бастамашыл топтың аты- жөні, талқылау күні,

      хаттаманың №)

      Мына наградаға ұсынылады ________________________________

      (награданың түрі)

      ___________ _______________________________________________

      (ТАӘ) (ТАӘ)

      ___________________________________________________________

      (қолы) (қолы)

      М.О. М.О. ( болған жағдайда)

      ________ жылғы "______" ___________

      (толтырылған күні)

      Ескертпе: наградталушының тегі, аты және әкесінің аты жеке басының куәлігі бойынша толтырылып,

      қазақ және орыс тілдеріндегі транскрипциясы міндетті түрде көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады