Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 маусымдағы № 116/6 "Железин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 78/8 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 13 желтоқсанда № 7442-14 болып тіркелді

      Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының "Железин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2017 жылғы 20 маусымдағы № 116/6 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5552 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) Павлодар облысы Железин ауданы мәслихатының шешімінің кіріспесі облыстар 2017 жылғы 20 маусымдағы № 116/6 жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы" № 2314 қаулысына, сәйкес"

      2) "Железин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі" қосымшасында:

      5-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "5. Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің жоғарылауына өтемақы төлеу Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295/НҚ"Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу қағидаларын айқындау және бекіту туралы"бекітілген бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады";

      6 тармақ толықтырылсын:

      "Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі, Тұрғын үй көмегін көрсетуден бас тарту Үлгілік қағидалардың 2-тарауына сәйкес айқындалған".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Железин аудандық мәслихатының төрағасы Т. Даулетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады