Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 қарашадағы № 9/103 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 24 қарашада № 7425-14 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2 - тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2023 жылғы 30 маусымдағы "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекіту туралы" № 523 қаулысына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекiтілсін.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Павлодар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар аудандық мәслихатының төрағасы Ж. Шугаев

  Павлодар аудандық
  мәслихатының 2023 жылғы
  21 қарашадағы № 9/103
  шешімімен бекітілген

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

      Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) № 523 қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Павлодар ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      4) әлеуметтік көмек – ЖАО мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;

      5) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган - "Павлодар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      6) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;

      7) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;

      8) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;

      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп-қарау жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Павлодар ауданының ауылдық округтер мен ауыл әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      2. Әлеуметтік кодекстің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек осы Үлгілік Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      3. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жылына 1 рет) көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:

      1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығару күні;

      2) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;

      3) 26 сәуір - радиациялық апаттар мен апаттардың салдарын жоюға және осы апаттар мен апаттардың құрбандарын еске алуға қатысушылар күні;

      4) 7 мамыр - Отан қорғаушы күні;

      5) 9 мамыр - Жеңіс күні;

      6) 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні;

      7) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күні;

      8) 25 қазан – Қазақстан Республикасының күні.

      5. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін облыстардың ЖАО бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

      Арнайы және учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережелерді уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.

2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      6. Әлеуметтік көмек келесі санаттардағы азаматтарға көрсетіледі:

      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері:

      Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, Ұлы Отан соғысының партизандар мен астыртын әрекет етушiлерi;

      2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері:

      бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда);

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге;

      Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне;

      бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне;

      Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер;

      1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне;

      2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне;

      1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;

      3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар, атап айтқанда:

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдарына;

      1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға;

      4) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдар, атап айтқанда:

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілеріне;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына;

      5) еңбек ардагерлері:

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға;

      "Қазақстанның Еңбек Ері", "Халық қаһарманы" атақтарына не болған адамдарға;

      6) Заңның күші қолданылатын басқа да адамдар:

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына;

      бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайына (зайыбына);

      1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға;

      7) сотпен немесе Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңымен белгіленген тәртіппен саяси қуғын-сүргіндер құрбаны немесе саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен деп танылған азаматтарға;

      "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысқан адамдарға;

      8) зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерінен төмен алатын азаматтарға;

      зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын 80 жастағы және одан (асқан) көп жасқа толған азаматтарға;

      9) мүгедектігі бар адамдар, атап айтқанда:

      18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға;

      бірінші топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға;

      екінші топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға;

      үшінші топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға;

      арнайы орта (кәсіби) білім және білім берудің өзге де түрлерін алуға мүгедектігі бар адамдың абилитациясы және оны оңалтудың жеке бағдарламасының кәсіптік бөлігінен үзінді көшірмесі бар, Қазақстан Республикасының колледждерінде ақылы негізде білім алатын мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балаларға;

      жоғары білім және білім берудің өзге де түрлерін алуға мүгедектігі бар адамның абилитациясы мен оңалтудың жеке бағдарламасының кәсіптік бөлігінен үзінді көшірмесі бар, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ақылы негізде білім алатын мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балаларға;

      церебралды сал ауруымен ауыратын мүгедектігі балалары бар отбасыларға;

      10) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы көп балалы аналарға (отбасыларға);

      11) аз қамтамасыз етілген азаматтар, атап айтқанда:

      мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан азаматтарға;

      табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне залал келтіруге байланысты өмірлік қиын жағдайға ұшыраған азаматтарға. Әлеуметтік көмекке өтініш жасау мерзімі – өмірлік қиын жағдай туындалған кезден бастап бір ай ішінде;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға;

      отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын болған кезде, бір айдан астам уақытқа созылған ауруына, операциялық араласуды талап ететін ауруына байланысты, шұғыл немесе жоспарлы хирургиялық операциядан өткен азаматтарға;

      12) әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтар, атап айтқанда:

      қатерлі ісіктер ауруларына шалдыққан тұлғаларға;

      адамның иммунитет тапшылығы вирусынан туындалған ауыруынан зардап шегетін он алтыншы жасқа дейінгі балаларға (АИВ);

      адамның иммунитет тапшылығы вирусынан туындалған ауыруынан зардап шегетін он алтыншы жастан асқан тұлғалар (АИВ);

      амбулаториялық емдеудегі туберкулез ауруынан зардап шегетін тұлғаларға;

      дәнекер тіннің жүйелі зақымдануынан зардап шегетін тұлғаларға, атап айтқанда "жүйелі қызыл жегі" ауруы;

      I типті қант диабеті ауруымен ауыратын тұлғаларға;

      13) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын азаматтар (отбасылар), атап айтқанда:

      12 аптаға дейін жүктілігі бойынша есепке қою үшін аудандық емханаға уақытында жүгінген жүкті әйелдерғе.

      7. Уәкілетті орган табыс есебінсіз көмек көрсетеді:

      15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне уәкілетті ұйымның тізімі негізінде:

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлеріне;

      Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне;

      бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне;

      Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылары мен қызметшiлеріне;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілеріне;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына;

      8 наурыз –Халықаралық әйелдер күніне әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде:

      мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы көп балалы аналарына (отбасыларына);

      26 сәуір - радиациялық апаттар мен апаттардың салдарын жоюға және осы апаттар мен апаттардың құрбандарын еске алуға қатысушылар күніне уәкілетті ұйымның тізімі негізінде:

      1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқандарына, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарына;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарына және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына;

      1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарына;

      7 мамыр – Отан қорғаушы күніне уәкілетті ұйымның тізімі негізінде:

      1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне;

      2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне;

      бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына;

      9 мамыр –Жеңіс күніне уәкілетті ұйымның тізімі негізінде:

      Ұлы Отан соғысына қатысушыларына, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі - КСР Одағы) қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлеріне, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерiне;

      бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда);

      1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдарына;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайына (зайыбына);

      31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне уәкілетті ұйымның тізімі негізінде:

      "Қазақстанның Еңбек Ері", "Халық қаһарманы" атағына ие болған адамдарына;

      Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңымен белгіленген 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысқан азаматтарға;

      30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күніне уәкілетті ұйымның және әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде:

      18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларына;

      Қазақстан Республикасының колледждерінде ақылы негізде оқитын мүгедектігі бар адамдарына;

      Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқитын мүгедектігі бар адамдарына;

      25 қазан - Қазақстан Республикасының күніне уәкілетті ұйымның тізімі негізінде:

      18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларына;

      бірінші топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға;

      екінші топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға;

      зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерінен төмен алатын азаматтарына;

      зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын 80 жастағы және одан (асқан) көп жасқа толған азаматтарына;

      2) біржолғы әлеуметтік көмек:

      уәкілетті ұйымның тізімі және өтініш негізінде сауықтыруға арналған 50 (елу) АЕК мөлшерінде, 6-тармақтың 6) тармақшасының алтыншы абазацында, 2), 3), 4) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін;

      Үлгілік қағидалардың 12-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты, тұру шығыстарын растайтын түбіртектерді, межелі пунктке дейінгі және тұрғылықты жеріне кері қарай жол жүру билеттерін қоса бере отырып, өтініш негізінде санаторлық-курорттық емделуге заңды өкілдермен жүруіне 55 (елу бес) АЕК мөлшерінде 6-тармақтың 9) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санат үшін;

      әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде қатты отынды сатып алуға 6-тармақтың 11) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санат үшін;

      Үлгілік қағидалардың 12-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде 6-тармақтын 11) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген санат үшін;

      Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1) тармақшасында, екінші абзацының 3) тармақшасында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтініш негізінде дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан не оның мүлкіне зиян келтіру, (меншігінде бір тұрғын үйі (пәтер, үй) бар азаматтарға (отбасына) қоспағанда) - 100 (жүз) АЕК мөлшерінде (алты айға жарамды);

      Үлгілік қағидалардың 12-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш негізінде онкологиялық аурумен ауыратын тұлғаларға 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      Үлгілік қағидалардың 12-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш негізінде адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шегетін тұлғаларға 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде;

      Үлгілік қағидалардың 12-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш негізінде "жүйелі қызыл жегі" ауруынан зардап шегетін тұлғаларға 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1) тармақшасында, үшінші абзацынын 3) тармақшасында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтініш негізінде "1 типті қант диабеті" ауруынан зардап шегетін тұлғаларға 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      Үлгілік қағидалардың 12-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтініш негізінде 15 (он бес) АЕК мөлшерінде 6-тармақтың 9) тармақшасының сегізінші абзацында көрсетілген санат үшін;

      Үлгілік қағидалардың 12-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты, тұру шығыстарын растайтын түбіртектерді, межелі пунктке дейінгі және тұрғылықты жеріне кері қарай жол жүру билеттерін қоса бере отырып, өтініш негізінде санаторлық - курорттық емделудің құнын өтеу ретінде санаторлық - курорттық емделуге заңды өкілдің еріп жүруіне 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде 6-тармақтың 9) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санат үшін;

      3) тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:

      уәкілетті ұйымның тізімі негізінде 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде 6-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санат үшін (сауықтыруға);

      уәкілетті ұйымның тізімі негізінде 15 (он бес) АЕК мөлшерінде 6-тармақтың 2), 4) тармақшаларында, 3) тармақшасының үшінші, алтыншы абзацтарда, 6) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттар үшін (коммуналдық қызметтерге);

      4) ай сайынғы әлеуметтік көмек:

      Үлгілік қағидалардың 12-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтініш негізінде 3 (үш) АЕК мөлшерінде 6-тармақтың 9) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші абзацтарында (өзіне-өзі күтім көрсете алмайтын және денсаулығының жай-күйіне байланысты үнемі көмек көрсетуге мұқтаж, өздерінің ата-аналарын (жұбайын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары (жұбайы) жоқ немесе объективті себептер бойынша оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын жақын туыстары бар мүгедектігі бар адамдарға (қарттық жасына, бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуы, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуі немесе басқа елді мекенде тұруы) көрсетілген санаттар үшін;

      Үлгілік қағидалардың 12-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш негізінде тиісті қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс екі еселеген мөлшерінде адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шегетін балаларға;

      Павлодар облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Павлодар ауданының емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ұсынатын тізім негізінде амбулаторлық емдеудегі туберкулез ауруынан зардап шегетін тұлғаларға 15 (он бес) АЕК мөлшерінде;

      Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты және медициналық мекеменің емдеу курсын алғаны туралы растау анықтамасын қоса бере отырып, өтініш негізінде 12 (он екі) АЕК мөлшерінде гемодиализ алу кезеңінде жол жүруге 6-тармақтан 9) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санат үшін.

      8. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын табысы бар адамдарға көмек көрсетеді:

      біржолғы әлеуметтік көмек:

      Үлгілік қағидалардың 12-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды және Павлодар облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Павлодар ауданының емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнынан аталған ауруды растайтын анықтаманы қоса бере отырып, өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде 6-тармақтың 13) тармақшасында көрсетілген санат үшін;

      Үлгілік қағидалардың 12-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды және Павлодар облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Павлодар ауданының емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнынан аталған ауруды растайтын анықтаманы қоса бере отырып, өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде 6-тармақтың 11) тармақшасының бесінші абзацының көрсетілген санат үшін.

      9. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

      10. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстық ЖАО келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.

3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      11. Атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмек оны алушылардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.

      Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын ЖАО белгілейді, содан кейін уәкілетті ұйымға не өзге де ұйымдарға сұраныс жіберу арқылы олардың тізімдері қалыптастырылады.

      12. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан жергілікті әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді, оған мынадай құжаттарды қоса береді:

      1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      2) тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер (тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамай тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер ұсынылмайды);

      3) мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің болу фактісін растайтын төменде көрсетілген құжаттардың бірі:

      дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат;

      әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжат;

      жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болу фактісін растайтын құжат;

      жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмау фактісін растайтын құжат;

      жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмау фактісін растайтын құжат;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылу, пробация қызметінің есебінде болу фактісін растайтын құжат.

      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары және көшірмелері ұсынылады. Салыстырып тексерілгеннен кейін құжаттардың төлнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады.

      13. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден өтініш беруші бас тартқан, жалтарған;

      3) тұлғаның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артық болған жағдайларда жүзеге асырылады.

4-тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер

      14. Әлеуметтік көмек жағдайларда тоқтатылады:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы Павлодар ауданы шегiнен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;

      4) өтініш беруші ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      15. Артық төленген сомалар ерiктi немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген басқа да тәртiппен қайтаруға жатады.

5-тарау. Қорытынды ереже

      16. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Павлодар аудандық
  мәслихатының 2023 жылғы
  21 қарашадағы № 9/103
  шешіміне қосымша

Павлодар аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Павлодар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерің белгілеудің және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтарының жекелген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 71/315 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6847 болып тіркелген).

      2. Павлодар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 19 мамырдағы "Павлодар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары" № 71/315 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 25/142 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28427 болып тіркелген).

      3. Павлодар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 19 мамырдағы "Павлодар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары" № 71/315 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 31/169 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30971 болып тіркелген).

      4. Павлодар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 сәуірдегі "Павлодар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 71/315 шешіміне өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы" № 2/13 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7323 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады