Павлодар облысы Успен ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № 2/1 "Успен ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Успен ауданының әкімдігінің 2023 жылғы 10 мамырдағы № 144/5 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 11 мамырда № 7337 болып тіркелді

      Павлодар облысы Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар облысы Успен ауданы әкімдігінің "Успен ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" 2021 жылғы 11 қаңтардағы № 2/1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7186 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

      "Успен ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы";

      көрсетілген қаулының 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Успен ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.";

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Успен ауданының әкімі Н. Мақашев

  Успен ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 10 мамырдағы
№ 144/5 Қаулысына
қосымша
  Успен ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 11 қаңтардағы
№ 2/1 қаулысына
қосымша

Успен ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Р/с №

Нақты орналасу орны

Алып жатқан ауданы, шаршы метр

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, жыл

Қызмет саласы

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

1

Успен ауылдық округі, Успен ауылы, Қазыбек би көшесі, № 78 үйге қарама-қарсы

50

5

ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін өткізу

"Янтарь" дүкені

2

Успен ауылдық округі, Успен ауылы, Гагарин көшесі, автостанция ғимаратының сол жағында

58

5

ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін өткізу

"Рахат" дүкені, Латун С.Б. жеке кәсіпкердің дүкені, "Олжа" дүкені, Абитанов Д.Т. жеке кәсіпкердің дүкені, Алькеева М.Е. жеке кәсіпкердің дүкені, Қожа Ж.В. жеке кәсіпкердің дүкені, "Я.В.М.А." жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің дүкені, "Уйгурская кухня" кафесі, Кульмамедова Анжела Расуловна жеке кәсіпкердің дүкені

3

Лозов ауылдық округі, Лозов ауылы, Мир көшесі, "Елена" дүкеніне қарама-қарсы

30

5

ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін өткізу

"Елена" дүкені

4

Равнополь ауылдық округі, Константинов ауылы, Ленин көшесі, № 42 үйге қарама-қарсы

40

5

ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін өткізу

"Шик" дүкені

5

Ольгин ауылдық округі, Ольгин ауылы, Советов көшесі, Ленин көшесіндегі № 53 үйге қарама-қарсы

20

5

ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін өткізу

"Даяна" дүкені

6

Қозыкеткен ауылдық округі, Қозыкеткен ауылы, Победы көшесі, "Белоцерковский" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратына қарама-қарсы

40

5

ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін өткізу

Пасюк Е.П. жеке кәсіпкердің дүкені

7

Қоңырөзек ауылдық округі, Қоңырөзек ауылы, Милевский көшесі, Успен ауданының "Қоңырөзек ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы

50

5

ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін өткізу

"Байтерек" дүкені

8

Новопокров ауылдық округі, Галицк ауылы, Школьный тұйық көшесі, "Центральный", Ураскинаның В.М. жеке кәсіпкер дүкендерінің сол жағында

50

5

ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін өткізу

"Центральный" дүкені, Ураскина В.М. жеке кәсіпкердің дүкені


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады