Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласының жекелеген аумақтарына көлік құралдарының кіруін шектеу туралы" 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 2/122 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 6 наурыздағы № 1/167 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2023 жылғы 7 наурызда № 1721 болып тіркелді

      Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласының жекелеген аумақтарына көлік құралдарының кіруін шектеу туралы" 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 2/122 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1278 болып тіркелген) келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      аталған қаулының 1 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "1. Электр қозғалтқышындағы көлік құралдарынан (электромобильдерден), сондай-ақ коммуналдық, жедел және шұғыл қызметтердің арнайы техникасы мен көлік құралдарынан басқа, "Шымбұлақ" шатқалының ерекше қорғалатын табиғи аймағына көлік құралдарының кіруін шектеу.";

      келесі мазмұндағы 1-1 тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. 2023 жылғы 1 қыркүйекке дейін осы аумақта қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаларға тиесілі және (немесе) қызмет көрсететін көлік құралдары "Шымбұлақ" шатқалының ерекше қорғалатын табиғи аймағына кіруге шектелуге жатпайды.".

      2. Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы, "Медеу" мемлекеттік өңірлік табиғат паркі және Алматы қаласы Полиция департаменті (келісім бойынша) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Алматы қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ә.Е. Әбдіқадыровқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Е. Досаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады