Мектепке дейінгі ұйымдарда халықтың әлеуметтік осал топтарындағы отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балаларды тамақтандыруға кететін шығындарды өтеу туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 3/473 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2023 жылғы 6 қыркүйекте № 1737 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Білім туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 "Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, мамандандырылған, арнаулы білім, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген) сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы қаласының мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарында тәрбиеленушілердің келесі жекелеген санаттары:

      жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды;

      бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды, бала кезінен мүгедектігі бар адамдарды, мүгедектігі бар балаларды;

      көп балалы отбасылардан шыққан балаларды;

      атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларды тамақтандыруға кететін шығындар толығымен өтелсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Алматы қаласының әкімі Е. Досаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады