Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 515 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 27 сәуірде № 7488-15 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1967 "Петропавл қаласының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5143 болып тіркелген);

      2) 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 657 "Петропавл қаласының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1967 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7391 болып тіркелген).

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Петропавл қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы әкімі
Р. Анбаев

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Петропавл қаласы әкімдігінің
  2023 жылғы 26 сәуірдегі
  № 515
  Солтүстік Қазақстан облысы
  Петропавл қаласы әкімдігінің
  2023 жылғы _____________
  № ______ қаулысына
  қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 08.08.2023 № 1019 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

№ р/с

Орналасқан жері

Алатын алаңы (шаршы метр)

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

Қызмет
саласы

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл)

1

Петропавл қаласы, Әубәкір Ысмайылов пен Нұрсұлтан Назарбаев көшелерінің қиылысы, "Рока" газ құю станциясының оң жағына қарсы

15

"Graf-in" кафесі

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

1

2

Петропавл қаласы, Иван Яковлевич Смирнов көшесі, 68 "Заря" қонақ үйінің сол жағында

15

Жоқ

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

1

3

Петропавл қаласы, Ғ. Мүсірепов көшесі,1 "Башмачок" ательесіне қарсы

15

"СКБ-Север" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің көтерме сауда дүкені

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

1

4

Петропавл қаласы, И.П. Шухов көшесі, №38 үйге қарсы

15

Жоқ

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

1

5

Петропавл қаласы, Қаттай Кеншінбаев көшесі, №12 үйдің оң жағында

15

Жоқ

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

1

6

Петропавл қаласы, Батыр Баян көшесі,220 "Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "№26 мектеп-балабақша" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сол жағында

15

Жоқ

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

1

7

Петропавл қаласы, Коминтерн көшесі,111/5 "Дары моря" дүкенінің сол жағында

15

Жоқ

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

1

8

Петропавл қаласы, Г.К. Жуков көшесі, №42 үйге қарсы

15

Жоқ

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

1

9

Петропавл қаласы, 5-ші Сенная көшесі, №18Л үйге қарсы

15

Жоқ

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

1

10

Петропавл қаласы, П. Рыжов көшесі, №110 үйге қарсы

15

Жоқ

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

1

11

"Солнечный-2" шағынауданы, №4/2 үйге қарсы

15

Жоқ

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

1

12.

Петропавл қаласы, Набережная көшесі, № 5 үйге қарама-қарсы

15

"Таверна" кафесі

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

1

13.

Петропавл қаласы, Труд көшесі №51 үйге қарама қарсы

15

Жоқ

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

1

14.

Петропавл қаласы, Пугачев көшесі, №238 және №240 үйлер арасында

15

Жоқ

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

1

15.

Петропавл қаласы, Гастелло көшесі, №42 үйге қарама қарсы

15

Жоқ

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

1

16.

Петропавл қаласы, 1-ші Заречная көшесі, №86 үйге қарама қарсы

15

Жоқ

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады