Петропавл қалалық мәслихатының 2020 жылғы 16 қазандағы № 5 "Петропавл қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалатын шығындарды өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы"

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 22 тамызда № 7569-15 болып тіркелді

      Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Петропавл қалалық мәслихатының 2020 жылғы 16 қазандағы № 5 "Петропавл қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалатын шығындарды өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6597 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      1 және 2-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Петропавл қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері "Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығымен бекітілген "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) (бұдан әрі – Шығындарды өтеу қағидалары) әзірленді.

      2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалатын шығындарды өндіріп алуды (бұдан әрі - оқытуға жұмсалатын шығындарды өндіріп алу) "Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өтініш берген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын Петропавл қаласы оқу орнынан алынған анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізеді.";

      4-тармақ алынып тасталсын;

      6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу үшін өтініш беруші "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес ақционерлік қоғамы немесе "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) осы Шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса шығындарды өтеу қағидаларының 1 немесе 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.

      Өтініш беруші оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу бойынша төлемді тағайындау үшін портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және шығындарды өтеу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес өтініш нысанында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Петропавл қалалық мәслихат төрағасы А. Бердагулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады