Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 30 наурыздағы № 121 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 3 сәуірде № 7458-15 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 03 желтоқсандағы № 333 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6810 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Айыртау ауданының әкімі Е.Бекшенов

  Айыртау ауданы әкімдігінің
  2023 жылғы 30 наурыздағы № 121
  қаулысына қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 15.02.2024 № 57 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Орналасқан орны

Алатын алаңы (шаршы метр)

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

Сауда қызметін жүзеге асыру кезең (жыл)

Қызмет саласы

1.

Антоновка ауылы, Ақан-сері көшесі, № 41 ғимаратының оң жағынан

3

жоқ

5 жыл

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

2.

Антоновка ауылы, Ақан-сері көшесі, "Мечта" дүкеніне қарама-қарсы

3

"Мечта" дүкені

5 жыл

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

3.

Арықбалық ауылы, Центральная көшесі, "999" дүкеніне қарама-қарсы

8

"999" дүкені

5 жыл

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

4.

Саумалкөл ауылы, Бәйкен Әшімов көшесі, "Народный" шағын маркетінің сол жағынан

4

"Народный" шағын маркеті

5 жыл

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

5.

Новоукраинка ауылы, "Камал" дүкеніне қарама-қарсы

4

"Камал" дүкені

5 жыл

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

6.

Айыртау ауылы, Абай көшесі, "Shalkar Grain" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кеңсесіне қарама-қарсы

4

жоқ

5 жыл

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

7.

Гусаковка ауылы, Школьная көшесі, "Луч" дүкеніне қарама-қарсы

6

"Луч" дүкені

5 жыл

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

8.

Новосветловка ауылы, Целинная көшесі, "AraiAstykGroup" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің наубайханасына қарама-қарсы

6

жоқ

5 жыл

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

9.

Елецкое ауылы, Центральная көшесі, № 28 А үйге қарама-қарсы

4

жоқ

5 жыл

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

10.

Имантау ауылы, Шоқан Уәлиханов көшесі, № 47 үйге қарама-қарсы

8

жоқ

5 жыл

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

11.

Казанка ауылы, Советская көшесі, "Роза" дүкеніне қарама-қарсы

4

"Роза" дүкені

5 жыл

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

12.

Аксеновка ауылы, Олимпийская көшесі, "Достык Дэн" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кеңсесіне қарама- қарсы

4

жоқ

5 жыл

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

13.

Қамсақты ауылы, Ақан Сері көшесі, "Қамсақты ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімшілік ғимаратына қарама-қарсы

10

жоқ

5 жыл

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

14.

Қаратал ауылы, Орталық көшесі, фельдшерлік-акушерлік пункттің оң жағынан

8

жоқ

5 жыл

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

15.

Константиновка ауылы, А.М. Михедько көшесі, "Лада" дүкеніне қарама-қарсы

3

"Лада" дүкені

5 жыл

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

16.

Құспек ауылы, Советская көшесі, "Новинка" дүкеніне қарама-қарсы

3

"Новинка" дүкені

5 жыл

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

17.

Лобаново ауылы, Абай көшесі, "Лобанов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдык мемлекеттік мекемесінің әкімшілік ғимаратына қарама-қарсы

4

жоқ

5 жыл

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

18.

Шалқар ауылы, Центральная көшесі, "Ключи" жауапкершілігі шектеулі серіктестік кеңсесіне қарама-қарсы

3

жоқ

5 жыл

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

19.

Нижний-Бұрлық ауылы, Центральная көшесі, "Ирина" дүкеніне қарама-қарсы

3

"Ирина" дүкені

5 жыл

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

20.

Дәуқара ауылы, Наурыз көшесі, № 1 үйдің оң жағынан

3

жоқ

5 жыл

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

21.

Сырымбет ауылы, Школьная көшесі, "Алма" дүкенінің сол жағынан

3

"Алма" дүкені

5 жыл

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

22.

Кирилловка ауылы, Абай көшесі, № 40 ғимаратының оң жағынан

8

жоқ

5 жыл

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

23.

Каменный Брод ауылы, Школьная көшесі, "Руслан" дүкеніне қарама - қарсы

8

"Руслан" дүкені

5 жыл

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады