Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Ильинка ауылдық округінің көшелерін қайта атау туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Ильинка ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 11 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 14 сәуірде № 7471-15 болып тіркелді

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Ильинка ауылдық округі әкімінің 02.09.2023 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2 тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 16 сәуірдегі және 2022 жылғы 1 наурыздағы қорытындылары негізінде, Ильинка ауылдық округінің Ильинка, Александровка ауылдары тұрғындарының пікірін ескере отырып, ауылдық округ әкімі ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Ильинка ауылдық округі әкімінің 02.09.2023 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейінкүнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Ильинка ауылдық округінің Ильинка ауылында қайта аталсын:

      Ленин көшесі Абай көшесіне;

      Киров көшесі А. С. Пушкин көшесіне.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Ильинка ауылдық округі әкімінің 02.09.2023 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейінкүнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Ильинка ауылдық округі Александровка ауылының Ленин көшесі - Ахмет Байтұрсынұлы көшесі болып қайта аталсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ильинка ауылдық округі әкімі Ж. Майнаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады