Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Благовещенка ауылдық округінің Благовещенка ауылының құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Благовещенка ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 7 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 14 сәуірде № 7472-15 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2 тармағына сәйкес, Благовещенка ауылы халқының пікірін ескере отырып, 2020 жылғы 29 желтоқсандағы Солтүстік Қазақстан облысы ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Благовещенка ауылдық округі Благовещенка ауылының Социалистическая көшесі Төлебай Мұстафин көшесіне қайта аталсын.

      2. Благовещенка ауылдық округінің Благовещенка ауылындағы тұйық көшелердің атауы қайта аталсын:

      Коммунистический тұйық көшесі Герольд Бельгер тұйық көшесіне;

      Дзержинский тұйық көшесі Достық тұйық көшесіне;

      Чапаев тұйық көшесі Мағжан Жұмабаев тұйық көшесіне;

      Пионерский тұйық көшесі Әл-Фараби тұйық көшесіне қайта аталсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Благовещенка ауылдық округі әкімі Т. Иманжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады