"Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауылдық жерінде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Тимирязев ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 26 тамыздағы № 165 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 126 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 12 маусымда № 7533-15 болып тіркелді

      Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауылдық жерінде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Тимирязев ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 26 тамыздағы № 165 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5549 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      осы қаулының қосымшасына сәйкес, көрсетілген қаулының қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Жаров

      "Келісілді"

      Тимирязев аудандық маслихаты

  Тимирязев ауданы әкімдігінің
  2023 жылғы 9 маусымдағы
  № 126 қаулысына
  қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы
  Тимирязев аудан әкімдігінің
  2019 жылғы 26 тамыздағы
  № 165 қаулысына
  қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауылдық жерінде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:

      1) халықты жұмыспен қамту орталығының аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің басшысы;

      2) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

      3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент - біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар;

      4) халықты жұмыспен қамту орталығының ассистенті;

      5) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант - біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      6) халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      7) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      8) халыкты жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      9) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті багалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер - біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      10) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      11) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар.

      2. Мәдениет мамандарының лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттiк мекеме және мемлекеттiк қазыналық кәсiпорынның басшысы;

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттiк мекеме және мемлекеттiк қазыналық кәсiпорын басшысының орынбасары;

      3) аудандық маңызы бар мемлекеттiк мекеме және мемлекеттiк қазыналық кәсiпорынның кітапхана меңгерушісі;

      4) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтердің) - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      5) библиограф - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      6) кітапханашы - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      7) режиссер - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      8) редактор (негізгі қызметтердің) - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі мамандар;

      9) аккомпаниатр - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      10) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтердің) - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      11) хореограф - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар;

      12) музыкалық жетекші - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады