Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 114 "Түркістан облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 15 мамырдағы № 93 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2023 жылғы 19 мамырда № 6288-13 болып тiркелдi

      Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Түркістан облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 114 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3196 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасындағы:

      "4. Түркістан облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары" деген бөлімінде:

      3-жолы келесі редакцияда жазылсын:

"

Орталық елді мекен атауы

Жылу энергиясын тұтыну нормалары

Өлшем бірлігі

Мағынасы



3

Түркістан қаласының тұтынушылары үшін жылумен жабдықтау және ыстық сумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары

Жылу беру маусымы кезеңінде көп пәтерлі және жеке тұрғын үйлерді жылумен жабдықтау

1 м2-ге Гкал

0,142



Ыстық сумен жабдықтау

жылына бір адамға Гкал

2,73

".


      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Түркістан облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облысының әкімі Д. Сатыбалды

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады