Созақ ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы

Жаңа

Түркістан облысы Созақ ауданы әкімінің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 51 шешімі. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2023 жылғы 26 желтоқсанда № 6436-13 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 23-бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, ШЕШТІМ:

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Түркістан облысы Созақ ауданының аумағында сайлау учаскелері құрылсын.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Түркістан облысы Созақ ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Түркістан облысы Созақ ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Созақ ауданының әкімі М. Турысбеков

  Түркістан облысы Созақ ауданы
әкімінің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 51 шешіміне 1-қосымша

Түркістан облысы Созақ ауданының сайлау учаскелері

      № 687 сайлау учаскесі.

      Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылдық округі, Абай ауылы, Абай көшесі №14А, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің "Иманов атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекаралары: Абай ауылы Қ.Қайсенов, Есет батыр, Шәкәрім көшелері.

      № 688 сайлау учаскесі.

      Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылдық округі, Балдысу ауылы, Балдысу көшесі №56, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің "Жамбыл атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекаралары: Балдысу ауылы Т.Рысқұлова, С.Сейфуллин, Б.Майлин, Ш.Мұртаза көшелері.

      № 689 сайлау учаскесі.

      Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылдық округі, Қарабұлақ ауылы, Қарабұлақ көшесі №21А, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің "Қарабұлақ шағын жинақты бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекаралары: Қарабұлақ ауылы Мұстафа Өзтүрік, Алпамыс Батыр көшелері.

      № 690 сайлау учаскесі.

      Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылдық округі, Шолаққорған ауылы, С.Қожанов көшесі №1А, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің "Ә.Молдағұлова атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекаралары: Жеткеншек ауылы М.Өтемісұлы, Ш.Айманов, Кенесары хан, Әл-фараби көшелері.

      № 691 сайлау учаскесі.

      Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылдық округі, Шолаққорған ауылы, Жібек жолы-2 көшесі №72, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің "А.Сүлейменов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекаралары: Шолаққорған ауылы А.Жынысбаев, Н.Төреқұлов, Ү.Тастанов, С.Сиязбеков, Жібек жолы-2, М.Әуезов, С.Әбуов, М.Төлебаев, Т.Сүннетов, Т.Тоқбергенов, Б.Момышұлы, С.Мұханов, Ә.Оспанов, Б.Тастыбаев, Өркениет, Бірлік, Ақниет, Достық, Ынтымақ, №10, №12, №14, №23 көшелері және Ұзынбұлақ, Қарасуан, Қызыләскер, Жаманай, Шабыр, Қоянбұлақ, Төбеқұдық мал жайылымдары.

      № 692 сайлау учаскесі.

      Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылдық округі, Шолаққорған ауылы, Ә.Молдағұлова көшесі №59, Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Созақ аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекаралары: Шолаққорған ауылы Ә.Молдағұлова-2, Ш.Бекжанұлы-2 көшелері Созақ ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінен кейінгі бөлігі, Ж.Қаламбаев, А.Спатаев, Ә.Жангелдин, Сұлтанбек хан, А.Аманжолов, кіші Балдысу, А.Рахышұлы, Жамбыл, Ш.Қалдаяқов көшелері, С.Қожанов көшесі (Ш.Қалдаяқов көшесінен А.Рахышұлына дейінгі бөлігі).

      № 693 сайлау учаскесі.

      Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылдық округі, Шолаққорған ауылы, Абылай хан көшесі №3, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің "А.Байтұрсынов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекаралары: Шолаққорған ауылы Абылай хан, Қазыбек би, А.Байтұрсынов, Жайшыбеков, М.Мәметова, Төле би, Қ.Сәтбаев, Теріскей, Б.Ахметов, Ш.Оқшиев, Желтоқсан, №21, Ордабасы көшелері, Ә.Молдағұлова-1, Ш.Бекжанұлы-1 көшелері Созақ ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне дейінгі бөлігі, Д.Қонаев көшесі (Жібек жолы көшесінен кейінгі бөлігі).

      № 694 сайлау учаскесі.

      Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылдық округі, Шолаққорған ауылы, Жібек жолы-1 көшесі №5, Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Мыңжылқы" мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

      Шекаралары: Шолаққорған ауылы Әйтеке би, Ж.Меймандосов, Абай, Т.Аймұрзаев, Ы.Алтынсарин, Т.Әубәкіров, Жібек жолы-1, Қ.Рүстемов, С.Қожанов (Ш.Қалдаяқов көшесіне дейінгі бөлігі), Д.Қонаев (Жібек жолы көшесіне дейінгі бөлігі) Т.Насыров, А.Асқанбеков, Бастау көшелері.

      № 695 сайлау учаскесі.

      Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе ауылдық округі, Жартытөбе ауылы, Шойынбет би көшесі № 13, Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Мыңжылқы" мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының "Жартытөбе ауылдық клубы" ғимараты.

      Шекаралары: Жартытөбе ауылы Ш.Ақымұлы, А.Иманқұлұлы, Т.Әлімқұлов, Шойынбет би, Б.Төлебаев, С.Сейфуллин, Комсомол көшелері, құм өңірінің мал жайылымдары.

      № 696 сайлау учаскесі.

      Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе ауылдық округі, Аққолтық ауылы, Қ.Арқабаев көшесі №27А, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің "Ш.Уалиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекаралары: Қ.Әлібиев, Қ.Арқабаев, Қ.Кемелұлы көшелері және Аққолтық елді мекенінің аумағындағы жайылымдары.

      № 697 сайлау учаскесі.

      Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе ауылдық округі, Бабата ауылы, А.Сайлаубеков көшесі №5/4, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің "М.Маметова атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекаралары: №4, А.Сайлаубеков, Б.Есжанұлы көшелері, Таскөмірсай мал жайылымы және Бабата елді мекенінің аумағындағы жайылымдары.

      № 698 сайлау учаскесі.

      Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Құмкент ауылдық округі, Құмкент ауылы, К.Берденұлы көшесі №14А, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің "Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекаралары: Құмкент ауылы, Абай, Құмкент, К.Берденұлы, Ж.Есіркепұлы, Жамбыл, Жылыбұлақ көшелері және мал жайылымдары.

      № 699 сайлау учаскесі.

      Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Құмкент ауылдық округі, Қызылкөл ауылы, Ш.Уалиханов көшесі №18, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің "М.Әуезов атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Қызылкөл ауылы.

      № 700 сайлау учаскесі.

      Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Құмкент ауылдық округі, Құмкент ауылы, Жылыбұлақ көшесі нөмірсіз, Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Созақ аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекаралары: Құмкент ауылы Тасарық, Амангелді, Қызылқанат көшелері.

      № 701 сайлау учаскесі.

      Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Сызған ауылдық округі, Қозмолдақ ауылы, Т.Момбеков көшесі №21, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің "Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекаралары: Қозмолдақ ауылы Қ.Тоқмұхамедов, Т.Төреханов, Ж.Дәуітбаев, М.Берістемов, Т.Қойбаев, Т.Момбеков, Қ.Рүстемов, Басбұлақ-1, Басбұлақ-2 көшелері және құм тау бөктеріндегі мал жайылымдары.

      № 702 сайлау учаскесі.

      Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Сызған ауылдық округі, Сызған ауылы, Мектеп көшесі №9А, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің "Қ.Рүстемов атындағы жалпы блім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекаралары: Сызған ауылы Е.Алдасүгірұлы, Мектеп, Тастақ, Кәріағаш көшелері және құм тау бөктеріндегі мал жайылымдары.

      № 703 сайлау учаскесі.

      Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Сызған ауылдық округі, Қайнар ауылы, Ж.Әділбеков көшесі №29, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің "А.Макаренко атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекаралары: Қайнар ауылы Ж.Әділбеков, Б.Әметшиев, Мектеп-1, Мектеп-2, Қайнар бұлақ көшелері және Мардан ата жайылым аумағы, құм тау бөктеріндегі мал жайылымдары.

      № 704 сайлау учаскесі.

      Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Созақ ауылдық округі, Созақ ауылы, С.Матенбаев көшесі №31А, Созақ ауданының білім бөлімінің "Созақ" мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекаралары: Созақ ауылы Б.Абдраманов көшесінің 44-63 үйлері, Абай көшесінің 38-94 үйлері, Қ.Сәтбаев, С.Сейфуллин, О.Жүсіпов, Түркістан, Жаңа құрылыс-1, Жаңа құрылыс-2, А.Асылбеков, С.Мәтенбаев көшелері, Ж.Өткелбаев көшесінің батыс бөлігі.

      № 705 сайлау учаскесі.

      Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Созақ ауылдық округі, Созақ ауылы, Қ.Тоқмұхамедов көшесі №3А, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің "Науайы атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекаралары: Созақ ауылы Шілменбет би, Науайы, Қ.Тоқмұхамедов, Белгібай қажы, С.Насурлаев, М.Мәметова, Рысбек, Суық бұлақ көшелері мен Ж.Өткелбаев көшесінің оңтүстік бөлігі, Абдраманов көшесінің №01-43 үйлері, Абай көшесінің №01-37 үйлері және оңтүстік тау бөктеріндегі мал жайылымдары.

      № 706 сайлау учаскесі.

      Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Созақ ауылдық округі, Көктөбе ауылы, Суындық көшесі №130, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің "Суындық" жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекаралары: Көктөбе ауылы және оңтүстік батыс тау бөліктеріндегі мал жайылымдары.

      № 707 сайлау учаскесі.

      Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Созақ ауылдық округі, Ыбырай ауылы, Ынтымақ көшесі №42, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің "Құрманғазы атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекаралары: Ыбырай ауылы және құм бөліктеріндегі мал жайылымдары.

      № 708 сайлау учаскесі.

      Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Созақ ауылдық округі, Созақ ауылы, М.Әуезов көшесі №39А, Түркістан облысының білім басқармасының "№1 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның ғимараты.

      Шекаралары: Созақ ауылы Ж.Жабаев, Амангелді, Құрманғазы, М.Әуезов, Б.Әлібаев, Б.Қожамбердиев, Отырар, Жаңа құрылыс-4 көшелері, Ж.Өткелбаев көшесінің солтүстік және шығыс бөлігі мен мал жайылымдары.

      № 709 сайлау учаскесі.

      Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Қарақұр ауылдық округі, Қарақұр ауылы, Үсенбай көшесі №27, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің "Қарағұр жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекаралары: Қарақұр ауылы Үсенбай, Наурыз, Абай, Құрманғазы, Батырбекова көшелері.

      № 710 сайлау учаскесі.

      Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Қарақұр ауылдық округі, Раң ауылы, Раң көшесі №1А, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің "Б.Батырбекова атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Раң ауылы, Раң көшесі.

      № 711 сайлау учаскесі.

      Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Қарақұр ауылдық округі, Шаға ауылы, Шаға көшесі №20Б, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің "С.Бақбергенов атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Шаға ауылы, Шаға көшесі.

      № 712 сайлау учаскесі.

      Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Қаратау ауылдық округі, Бақырлы ауылы, Жиенбет батыр көшесі нөмерсіз, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.

      Шекаралары: Бақырлы ауылы М.Шериязданұлы, Жиенбет батыр, Қ.Шоланбайұлы, Абай, Б.Стамбекұлы, Т.Тұяқбайұлы көшелері.

      № 713 сайлау учаскесі.

      Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Қаратау ауылдық округі, Ақсүмбе ауылы, Ақбикеш көшесі №2А, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің "С.Қожанов атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Ақсүмбе ауылы.

      № 714 сайлау учаскесі.

      Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Қаратау ауылдық округі, Саржаз ауылы, 1 көшесі №41, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің "Саржаз" шағын жинақты негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Саржаз ауылы.

      № 715 сайлау учаскесі.

      Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жуантөбе ауылдық округі, Жуантөбе ауылы, Б.Достайұлы көшесі №35, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің "С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекаралары: Жуантөбе ауылы Абылай хан, Ә.Жақсыбайұлы, Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би, Б.Достайұлы, Ж.Қаламбаев, Қ.Омарұлы көшелері.

      № 717 сайлау учаскесі.

      Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Тасты ауылдық округі, Тасты ауылы, Қазақстан көшесі №14, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің "Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекаралары: Тасты ауылы А.Бейсенбаев, Амангелді, Бауыржан, Жамбыл, Қажымұхан, Қазақстан, Сейфуллин, Жібек жолы, Наурыз көшелері.

      № 718 сайлау учаскесі.

      Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Тасты ауылдық округі, Қылти ауылы, нөмірсіз, Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының "Созақ аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны "Қылти" медициналық бекетінің ғимараты.

      Шекарасы: Қылти ауылы.

      № 719 сайлау учаскесі.

      Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шу ауылдық округі, Шу ауылы, А.Иманов көшесі №13, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің "Ж.Қаламбаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекаралары: Шу ауылы Тәуке хан, Т.Салқауов, Абай, А.Иманов, М.Иманбекұлы, Әйтеке би, Т.Әубәкіров, Наурыз, С.Мұқанов, Б.Серікбаев, Қ.Сәтбаев көшелер, оңтүстік және шығыс жағы мал жайылымдары, батыс су айдау станциясы.

      № 720 сайлау учаскесі.

      Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Қыземшек кенті, 2 ықшамауданы №1А, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің "Ләнде Бөкенов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекаралары: Қыземшек кенті Самал, Таңбалытас, Жетіқоңыр, Көкорай, Шұғыла, Геологтар, Т.Рысқұлов, Жастар, Т.Момбеков, Сарыарқа көшелері, Көкжиек көшесінің батыс бөлігі.

      № 721 сайлау учаскесі.

      Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Қыземшек кенті, Тайқоңыр ауылы, Тұлпар көшесі №41, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің "Т.Момбеков атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекаралары: Тайқоңыр ауылы Ақбикеш, Ақжайқын көшелері, Тұлпар көшесінің оңтүстік бөлігі.

      № 722 сайлау учаскесі.

      Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Таукент кенті, 1 ықшамауданы №52, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің "І.Кеңесбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекаралары: Таукент кенті 1 мөлтек ауданы, Е.Ерімбетов, Геологтар, Қ.Сәтбаев, Мыңжылқы, Тәуелсіздік, Бейбітшілік, Мәңгілік ел, Болашақ, Қаратау, Көкжиек, Тұран, Келіншектау, Көкбұлақ, Астана, Бәйтерек көшелері.

      № 723 сайлау учаскесі.

      Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Таукент кенті, І.Кеңесбаев көшесі №136, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің "Сүгір Әліұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекаралары: І.Кеңесбаев, Жыныс ата көшелері.

      № 724 сайлау учаскесі.

      Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақауданы, Таукент кенті, І.Кеңесбаев көшесі №165, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің "Болашақ бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның ғимараты.

      Шекаралары: Ш.Бекжанов, С.Тойшыұлы және Қ.Тоқмұхамедов көшелері.

      № 892 сайлау учаскесі.

      Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылдық округі, Шолаққорған ауылы, С.Тоқпанбетов көшесі №1А, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің "Нәзір Төреқұлов атындағы ІТ-мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекаралары: Шолаққорған ауылы Ж.Ерімбетов, Е.Ембергенов, А.Мұханов, С.Төлендіұлы, П.Маханов, Ж.Қарғабаев, З.Темірбекова, Қ.Әубәкіров, Б.Бәшімұлы, С.Тоқпанбетов, Б.Өтешов, Е.Өмірбеков, К.Тұрымбеков, А.Мырзалиев, Ә.Әшірбеков, О.Анарбеков, Ә.Зейілбекұлы, С.Еспенбетов, А.Иманов, І.Кеңесбаев, Шымкент, Руханият, Нұрлы жол, Тәуелсіздік, Бәйтерек, Алматы, Түркістан, Атамекен, №33, №34, №35, №36 көшелері, Ақшам, Наурыз ықшамауданы.

  Түркістан облысы Созақ ауданы
әкімінің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 51 шешіміне 2-қосымша

Түркістан облысы Созақ ауданы әкімінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Түркістан облысы Созақ ауданы әкімінің "Созақ ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" 2021 жылғы 16 шілдедегі № 19 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23600 болып тіркелген).

      2. Түркістан облысы Созақ ауданы әкімінің "Түркістан облысы Созақ ауданы әкімінің 2021 жылғы 16 шілдедегі № 19 "Созақ ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгертулер енгізу туралы" 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 42 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29949 болып тіркелген);

      3. Түркістан облысы Созақ ауданы әкімінің "Созақ ауданы әкімінің 2021 жылғы 16 шілдедегі № 19 "Созақ ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2023 жылғы 2 ақпандағы № 7 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6236-13 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады