Төлеби ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 08 мамырдағы "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" № 297 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Төлеби ауданы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 30 маусымдағы № 429 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2023 жылғы 3 шілдеде № 6321-13 болып тiркелдi

      Төлеби ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Төлеби ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 08 мамырдағы "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" № 297 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5040 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы";

      көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      ""Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 28-бабы 6-тармағына сәйкес, Төлеби ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулының 1-тармағы алынып тасталсын;

      көрсетілген қаулының 1-қосымшасы алынып тасталсын;

      көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулының сол жақ төменгі бұрышында орналасқан келісу белгісі жаңа редакцияда жазылсын:

      ""КЕЛІСІЛДІ"

      Төлеби аудандық аумақтық сайлау комиссиясы".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Төлеби ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Төлеби ауданының әкімі Т. Телгараев

  Төлеби ауданының әкімдігінің
2023 жылғы 30 маусымдағы
№ 429 қаулысына қосымша

Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Төлеби ауданы

1

Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, "АҚ Қазақстан Халық Банкі" Төлеби аудандық басқармасы ғимаратының жанында

2

Бірінші Мамыр ауылдық округі, Бірінші Мамыр ауылы, Д.Үмбеталиев көшесі, Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Төлеби аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны "Бірінші Мамыр ауылдық мәдениет үйі" ғимаратының жанында

3

Алатау ауылдық округі, Алатау ауылы, Б.Момышұлы көшесі, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Күншуақ" бөбекжай" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында

4

Аққұм ауылдық округі, Момынай ауылы, Ақтас көшесі, "Төлеби ауданының Аққұм ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарама-қарсы

5

Қоғалы ауылдық округі, Диханкөл ауылы, Бәйтерек көшесі, Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Төлеби аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны "Диханкөл" ауылдық клубы ғимаратының жанында

6

Қаратөбе ауылдық округі, Қаратөбе ауылы, С.Абдулла көшесі, Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Төлеби аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны "Қаратөбе" ауылдық клубы ғимаратының жанында

7

Жоғарғы Ақсу ауылдық округі, Мәдени ауылы, Бәйшешек көшесі, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Мәдени" жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

8

Кемеқалған ауылдық округі, Абай ауылы, Кемеқалған көшесі, "Төлеби аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны "Кеме-қалған" дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының жанында

9

Көксәйек ауылдық округі, Көксәйек ауылы, Төлеби көшесі, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "М.Х.Дулати атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

10

Зертас ауылдық округі, Зертас ауылы, Еламан–Сауран көшесі, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Аяулым" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында

11

Тасарық ауылдық округі, Тасарық ауылы, М.Әуезов көшесі, "Жеңіс" саябағының жанында

12

Қасқасу ауылдық округі, Қасқасу ауылы, Қуандық көшесі, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Арай" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында

13

Киелітас ауылдық округі, Достық ауылы, Астана көшесі, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Рауан" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады