Ақтөбе ауылдық округінің көшелеріне атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Түркістан облысы Келес ауданы Ақтөбе ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 5 мамырдағы № 105 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2023 жылғы 11 мамырда № 6264-13 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 18 қазандағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Келес ауданы Ақтөбе ауылдық округінің Лесбек батыр ауылының атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      1) №1 атауы жоқ көшеге – Ұлы Дала көшесі;

      2) №3 атауы жоқ көшеге – Сулы Келес көшесі;

      3) №4 атауы жоқ көшеге – Наурызым көшесі.

      2. Келес ауданы Ақтөбе ауылдық округінің Лесбек батыр ауылының Ю.Гагарин көшесі Едіге батыр көшесіне қайта аталсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе ауылдық округінің әкімі Е. Жасузаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады