Сауран ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сауран ауданы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 12 мамырдағы № 138 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2023 жылғы 17 мамырда № 6276-13 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Сауран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Сауран ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сауран ауданы әкімінің орынбасары Е.Жангазиевке жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сауран ауданының әкімі Г. Усенбаев

  Сауран ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 12 мамырдағы
№ 138 қаулысына қосымша

Сауран ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Алатын алаңы (шаршы метр)

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл)

Қызмет саласы

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

1

Жаңа Иқан ауылдық округі, Ибата елді мекені, Иқан көшесінде

200

3

Азық-түлік және азық -түлік емес тауарлар

"Үмітжан" дүкені

2

Оранғай ауылдық округі, Оранғай елді мекені, "Шығыс" моншасының қасында

280

3

Азық-түлік және азық -түлік емес тауарлар

"Шығыс" моншасы

3

Жүйнек ауылдық округі, Жүйнек елді мекені, Түркістан көшесінде

100

3

Азық-түлік және азық -түлік емес тауарлар

"Захира" дүкені

4

Жібек жолы ауылдық округі, Сауран елді мекені, Байқұлақов көшесінде

1000

3

Азық-түлік және азық -түлік емес тауарлар

"Сауран" теміржол бекеті

5

Шорнақ ауылдық округі, Шорнақ елді мекені, Бабайқорған көшесінде

500

3

Азық-түлік және азық -түлік емес тауарлар

"Божбан ата" дүкені

6

Шорнақ ауылдық округі, Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық тас жолы, 1092 шақырым

6000

3

Азық-түлік және азық -түлік емес тауарлар

Жоқ

7

Майдантал ауылдық округі, Ынталы елді мекені, Ш. Құдайбердіұлы көшесінде

300

3

Азық-түлік және азық -түлік емес тауарлар

АЖБ "Сауран Ойл"

8

Қарашық ауылдық округі, Қарашық елді мекені, Шыпан көшесінде

5000

3

Азық-түлік және азық -түлік емес тауарлар

"Нұр-Әсем" мал базары

9

Ескі Иқан ауылдық округі, Иқан елді мекені, Шымкент көшесінде

500

3

Азық-түлік және азық -түлік емес тауарлар

"Нұрхан ата" сауда орталығы

10

Бабайқорған ауылдық округі, Бабайқорған елді мекені, Бабайбатыр және Ш.Қалдаяқов көшелерінің қиылысы

256

3

Азық-түлік және азық -түлік емес тауарлар

Жоқ

11

Иассы ауылдық округі, Еңбекші – Дихан елді мекені, Шобанақ көшесінде

300

3

Азық-түлік және азық -түлік емес тауарлар

"Севинч" кафесі

12

Шаға ауылдық округі, Қазақстанның 30 жылдығы елді мекені, С.Қожанов көшесінде

60,0

3

Азық-түлік және азық -түлік емес тауарлар

Жоқ

13

Үшқайық ауылдық округі, Теке елді мекені, А.Үсенов көшесінде

300

3

Азық-түлік және азық -түлік емес тауарлар

"Пернекүл апа" дүкені


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады