Глубокое ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 8/9-VIII шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 5 қаңтарда № 8946-16 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 5-тармағына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Глубокое ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу жөніндегі әлеуметтік қолдаудың тәртібі мен мөлшері бекітілсін.

      2. Глубокое аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 50/7-VI "Глубокое ауданында коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7644 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Глубокое аудандық мәслихатының төрағасы А. Калигожин

  Глубокое
аудандық мәслихатының
2023 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 8/9-VIII шешімімен бекітілген

Глубокое ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері

      1. Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау Глубокое ауданының ауылдық елді мекендерінде тұрақты тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына (бұдан әрі мәтін бойынша алушылар) Глубокое аудандық бюджет қаражаты есебінен (бұдан әрі мәтін бойынша әлеуметтік қолдау) көрсетіледі.

      2. Әлеуметтік қолдау тағайындауды уәкілетті орган – "Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.

      3. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет 11,197 (он бір бүтін жүз тоқсан жеті мыңыншы) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшылары бекіткен жиынтық тізімдер негізінде, алушылардан өтініштер талап етілмей, екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар арқылы алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.

      Ұйымдардың бірінші басшылары ұсынылатын алушылар тізімдеріндегі мәліметтердің дұрыстығы үшін жауапты болады.

      4. Әлеуметтік қолдаудың артық немесе заңсыз төленген сомалары ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға жатады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады