Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Березовка ауылдық округінің Березовка ауылының құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Березовка ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 22 ақпандағы № 3 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 28 ақпанда № 8820-16 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Березовка ауылдық округінің Березовка ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Березовка ауылдық округінің Березовка ауылының келесі құрамдас бөліктері қайта аталсын:

      Пионерская көшесі Көктем көшесіне;

      Октябрьская көшесі Абылай хан көшесіне;

      Колхозная көшесі Отан көшесіне;

      Киров тұйық көшесі Достық тұйық көшесіне.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Березовка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте;

      1) осы шешімнің Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Березов ауылдық округінің әкімі Т. Таганбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады