Алтай ауданының мәслихатының 2021 жылғы 21 қазандағы № 8/3-VII "Алтай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 2023 жылғы 20 маусымдағы № 4/7-VIII шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 22 маусымда № 8876-16 болып тіркелді

      Алтай ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Алтай ауданының мәслихатының 2021 жылғы 21 қазандағы № 8/3-VII "Алтай ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25004 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 1 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Алтай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік – еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен бекітілген "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі-Шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.";

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 4 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген өтініш берілген айдан бастап мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.";

      көрсетілген шешімнің 1- қосымшасының 6 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін қажетті құжаттар тізбесі, Шығындарды өтеу қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес ұсынылады ".

      2. Алтай ауданының мәслихат аппаратының басшысы осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Алтай ауданының мәслихатының интернет - ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алтай ауданының мәслихат төрағасы Л. Гречушникова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады