Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының әкімдігінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 301 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 5 қаңтарда № 8947-16 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабы 1-тармағы 4-2) тармақшасына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1 тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген) сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Самар ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.

      2. Шығыс Қазақстан облысы "Самар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте, осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Самар аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Самар ауданының әкімі Н. Махамбетов

  Шығыс Қазақстан облысы
Самар ауданы әкімдігінің қаулысына
2023 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 301 қаулысына қосымша

Самар ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

    №

Орналасқан орны

Алатын алаңы (шаршы метр)

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі

Қызмет саласы

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері) ескерілген қызмет саласы

1.

Самар ауданы, Самар ауылдық округі, Самар ауылы, Самарға 100 жыл көшесіндегі "Арман" ашық базарының аланында

50

5 жыл

Бөлшек сауда (азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды жүзеге асыру)

"Арыстан" дүкені

2.

Самар ауданы, Аққала ауылдық округі, Аққала ауылы, Тәуелсіздік көшесіндегі № 55 ғимараты жанындағы алаң

50

5 жыл

Бөлшек сауда (азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды жүзеге асыру)

"Алена" дүкені

3.

Самар ауданы, Мариногорка ауылдық округі, Мариногорка ауылы, Абай көшесіндегі "Нива" дүкені ғимараты жанындағы алаң

50

5 жыл

Бөлшек сауда (азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды жүзеге асыру)

"Нива" дүкені

4.

Самар ауданы, Мариногорка ауылдық округі, Мойылды ауылы, Центральная көшесіндегі № 55 ғимараты жанындағы алаң

50

5 жыл

Бөлшек сауда (азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды жүзеге асыру)

-

5.

Самар ауданы, Мариногорка ауылдық округі, Жұмба ауылы, Школьная көшесіндегі № 25 ғимараты жанындағы алаң

50

5 жыл

Бөлшек сауда (азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды жүзеге асыру)

"Нива" дүкені

6.

Самар ауданы, Бастаушы ауылдық округі, Бастаушы ауылы, Абай көшесіндегі № 31Б ғимараты жанындағы алаң

50

5 жыл

Бөлшек сауда (азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды жүзеге асыру)

"Айназ" дүкені

7.

Самар ауданы, Құлынжон ауылдық округі, Құлынжон ауылы, Кеңес көшесіндегі "Жолан" кафесі мен балалар алаңы арасында

50

5 жыл

Бөлшек сауда (азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды жүзеге асыру)

"Толқын" дүкені

8.

Самар ауданы, Миролюбовка ауылдық округі, Миролюбовка ауылы, Асламов көшесіндегі №59 ғимараты жанындағы алаң

50

5 жыл

Бөлшек сауда (азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды жүзеге асыру)

"Солнышко" дүкені

9.

Самар ауданы, Миролюбовка ауылдық округі, Раздольное ауылы, Бейбітшілік көшесіндегі №39 ғимараты жанындағы алаң

50

5 жыл

Бөлшек сауда (азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды жүзеге асыру)

"Березка" дүкені

10.

Самар ауданы, Сарыбел ауылдық округі, Сарыбел ауылы, Алтынсарина көшесіндегі №11 ғимараты жанындағы алаң

50

5 жыл

Бөлшек сауда (азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды жүзеге асыру)

-

11.

Самар ауданы, Палатцы ауылдық округі, Палатцы ауылы, М.Горький көшесіндегі "Ульяна" дүкені ғимараты жанындағы алаң

50

5 жыл

Бөлшек сауда (азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды жүзеге асыру)

"Ульяна" дүкені


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады